51
көшіп келген. Ауылдың ортасынан ойып тұрып үй алып, екі қызын
өсіріп жеткізді, совхоздың қара шаруасынан қалмай, ақыры зейнетке
де шықты[8,130 б.].
АҚАЛАҚА – кішірек өзен. Өрел а.о. Аталған өзендерге ат қоюда екі
халық өкілдері де өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі түр-
түсіне, екіншісі өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен. 1-н: Ақалқа,
Қараалқа өзен атаулары болуы мүмкін, себебі топоним жасауда алқа сөзі
де жиі қолданылады. М.: Бекалқа, Алқабек, Білезік, Алқа.
М.: Аппақ су
тауды құшақтап ағып жатса, ақ алқаға, қара болып ағып жатса қара
алқаға (моншаққа) ұқсатуы әбден мүмкін[157];[97]. 2-н.: Жергілікті
тұрғындар Ақлақ, Қаралақ болуы мүмкін дейді. Себебі Ақлақ кішкене
көлден аппақ болып ағып шығып жатса, Қаралақ та кішкене көлден
қара түске еніп шығып жатады. Өзеннің лақ домалататын шамасына
қатысты қойылса керек. Себебі қазақы танымда Тайжүзген, Тайөткен
деген атаулар судан аталған жылқы баласының еркін өте алатынынан
хабар беріп тұр. Көшіп-қонып жүрген ел үшін, өткелдің қандай өткел
екені де аса маңызды. Екеуінің суы да таза, мөлдір.
М.: Бір шүмегі
бізге қарай ағады, екінші шүмегі алтайлықтарға қарай ағады. Бүгінгі
күнде екі өзен де Ресейге өтіп кеткен. Аршатыдан ары қарай [191].
3-н.: Алтайлықтар тілінде өзен атаулары Ак-ала-кем- бело-пестрая
река. Слово кем/хем «река» искажено как – «ха». Так же Кара-ала-кем
«чистая, пестрая река». Здесь слово «кара» в занчении «чистый», а
не «черный» [102]; Аталған өзендерге ат қоюда екі халық өкілдері де
өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі түр-түсіне, екіншісі
өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен.
М.: Ақалақа мен Қаралақа
өзендері Жазотырда қосылып, Арғұт өзені болып, Қатын өзеніне
құяды [125].
Достарыңызбен бөлісу: