Катон-Верстка-01. indd


Болыс Әбдікерім Сарғалдақ  ауылынан солдатқа бір азамат жіберілсін деп қаулы еткен[89,8б.]. САРҒАЛДАҚ БЕЙІТІ



Pdf көрінісі
бет202/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 Болыс Әбдікерім Сарғалдақ 
ауылынан солдатқа бір азамат жіберілсін деп қаулы еткен[89,8б.].
САРҒАЛДАҚ БЕЙІТІ – ж.а. Өрел а.о. Сарғалдақ ауылының бейіті. 
М1.: Сарғалдақ зираты орналасқаннан кейін, айналасындағы өлкеде 
Сарғалдақ бейіті деп кеткен[100]. М2.: Таутекелі өзенінен кейін 
орналасқан. [100].
САРЖАНБАС – жайлау, Қатонқарағай а.о. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, жер өлшеген геометриялық зат топонимдік атауға негіз 
болады. САРЖАН
 з а т. 1. Түрі циркуль тәрізді жер өлшеу құралы 
[54,688б.], М.: Саржанмен [метр] жер өлшеген. Соған байланысты 
болуы мүмкін [133].
САРКЕЗЕҢ - ж.а. Қатонқарағай а.о. Атаудың бірінші сыңарындағы 
сар<сары сөзінің қысқарған түрі. Жер-су аттары құрамындағы сары<сар 
сөзі “сары түс” деген мағынадан басқа “кең”, “үлкен” деген топонимдік 
мәнге де ие келеді[32,110б.], 
КЕЗЕҢ з а т. 1. Тау жотасындағы екі жағы 
түйетайлы болып келген аласа жер [49,535б.]; [148]. М.: Ақсу баяғыда, 
біздің ауыл Қасқатай мен Саркезеңнен шөп шабатын жетпісінші 
жылдардың басында өткел бермес асау өзен еді. Биылғы қуаңшылық 
адуын Ақсуды да ауыздықтап, жуасытып тастағандай екен[9, 96 б.].
САРКӨЛ – көл, Жамбыл а.о. үлкен көл мағынасында, атаудың 
бірінші сыңарындағы сар<сары сөзінің қысқарған түрі. Жер-су 


221
аттары құрамындағы сары<сар сөзі “сары түс” деген мағынадан 
басқа “кең”, “үлкен” деген топонимдік мәнге де ие келеді [32,110б.]; 
[120].
САРҚАМЫС – қыстау, Маланарым а.о. Қамыс сөзі өзен, көл 
жағалауларында, сазды жерлерде өсетін қияқ жапырақты, көпжылдық 
өсімдіктің аты, фитоним. Бұл өңірде қамыс өсімдігінің мол болуы 
топоним атауына негіз болған. М.: Екіге бөлінеді: жоғарғы Сарқамыш 
ал екіншісі төменгі Сарқамыш [


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет