Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет210/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   305
САРЫСҮМБЕ – ж.а., Өрел а.о. Қазақ тілінде сүмбі>сүмбе; моңғол 
тілінде сүмбэ «мылтықтың ұңғысын тазалайтын әрі майлайтын ұзын, 
жіңішке жұмыр темір немесе тобылғы таяқша» [67,418б.] мәнін береді. 
Топонимикада сүмбінің «оқтай түзу болу» ерекшелігін алмаса, басқа 
белгілерінің уәждік әлеуеті аз. Осы ерекшелігінен «сүмбідей түзу» 
ұғымы қалыптасқан. Ендеше Сүмбі > Сүмбе «тіп-тік түзу бойлаған 
тау, шыңдарға» берілетін атауға келеді. Моңғол тілінде Сүмбэр «биік, 
зәулім» сөзі де осы мәндес. Сүмбе географиялық терминінен Сарсүмбе 
топонимі қалыптасқан. М: Зындан болған жер. Қытай аумағына кірген 
жер[163]; [107].
САРЫТАС– төбе, Жамбыл а.о. Сары (сын есім) және тас (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қазақ тілінде «тас» сөзі топоним 


229
құрамында келіп, тау, төбе, қатты тау жыныстарынан тұратын биіктік 
мағынасын береді. Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде тас/
таш/тош/даш фонетикалық нұсқадағы «тас» сөзі қолданылады. Алтай 
тілінде «таш – тас, тау, төбешік» мағынасында, тува тілінде «даш 
– тас» мағынасында, тофа тілінде «таш – тас, тасты» мағынасында 
қолданылады [78,33б.]. «Сарытас» атауының құрамында келген тастың 
сарғыш болып келген түсі атаудың қалыптасуына негіз болған. М: Тек 
қана тас. Маңайында ағаш жоқ. Жанына барсаң тастың түсі сары [105].
САРЫТЕПСЕҢ – ж.а., Өрел а.о. Атау сары (сын есім) және тепсең 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тепсең – географиялық 
термин. Таудың үстіндегі немесе оның қия бетіндегі шағындау келген 
түзең жер мағынасын береді [58, 53б.]. Аталған жердің реңі сарғыш 
болып келуіне байланысты қалыптасқан атау. М.: Ежелден он Самайдың 
қонысы болған Сарытепсеңде қиянат пен қасіреттің ізі жатыр. 
«Сарытепсең» Өрел атты үлкен совхоздың өрісі еді. [170,130б.]; М: 
Сарытепсеңде Сарытомпақ, Сарыбұлақ, Сарыноқай орналасқан[108].
САРЫТОМПАҚ – төбе, Өрел а.о. Сары (сын есім) және томпақ 
(сын есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. «Томпақ» 
сөзі географиялық термин ретінде қолданыста жоқ. Алайда топоним 
жасаушы компонент ретінде «төбе, төбешік, дөң, биіктеу келген жер» 
мағынасын береді. Төбенің сарғыш тартқан түсі атаудың ерекше белгісі 
ретінде топоним қалыптастыруға негіз болған. М: Өмірзақ, Ақы, Тоқыш 
жұрты болған. Сарытомпақта орналасқан[158].
САРЫТҰҒЫРЫҚ – тау, Қатонқарағай а.о. Сары түстің де 
қазақ және басқа тілдерде негізгі түс мағынасынан басқа ауыспалы 
мағыналары бар. Сары түс те о баста күннің, оттың және алтын, жез, 
қола, мыс сияқты түсті ме талдардың бейнесіне, реңіне байланысты 
қалыптасқанымен, дами келе табиғаттағы, тіршіліктегі әр алуан 
құбылыстарға телініп, солардың сыр-сипатын аша түсуге мүмкіншілік 
алған. Сары – алтынның түсі. Байлықтың сары түспен байланысы да, 
алтынның реңіне байланысты қалыптасқан. Өйткені қазақ тілінде сары 
түс атауы әркез алтынның баламасы ретінде қолданылады. Сары сөзі 
кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала, кеңдік мағынасын білдіреді. 
Қазақ тілінде сары сөзі дала, арқа, жазық, бел, адыр, жайлау т.б. көптеген 
сөздермен тіркесе келіп, кең, шексіз, ұшы қиыры жоқ деген мағынаны 
білдіреді. Сарытұғырық атауының құрамында келіп, сары түсі түркілік 
ұғымда күннің шығатын жері мағынасын береді. М.: «Сарытұғырық 
атты тауда қыстау бар екен, жауынды жазда сол қыстау маңынан 


230
жаңа ұйымдасқан колхоз аздап шөп шауыпты»[41,10б.]; М: Кержақтар 
отырған. Бұғы ұстаған. [148].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет