Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет206/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

САРЫБЕТТІҢ БОСАҒАСЫ – ж.а. Өрел а.о.. Топонимдік атауға 
Сарыбет гидронимі негіз болған. М.: Сарыбетке шығар жерде 
шағылымы бар. Сол жермен шыққан оңай, әрі жеңіл[100].
САРЫБҰЛАҚ – бұлақ, Солдатова а.о. М.: 2га егіндік жердің 
төменгі жағындағы су. Кейін Нарынға қосылады[128].
САРЫБҰЛАҚ – егіндік жер, бұлақ, Алтынбел а.о. [139]. М.: «Қазіргі 
кезде Топқайың ауылының маңында «Есімхан тоғайы», «Кеңарал», 
«Сарыбұлақ», «Қаралақ», «Шабынды бұлақ», «Үлкен Текше», «Кіші 
Текше», «Құржыра» аталып жүрген жерлердің бәрінде Есімхан бай 
мал ұстаған [35,211б.].


224
САРЫБҰЛАҚ – егіндік, Белқарағай а.о. М.: Мал фермалары болған. 
Жайылым, шабындық және егістік[134].
САРЫБҰЛАҚ– бұлақ, Өрел а.о. Топонимдік атауға гидронимнің 
географиялық ерекшелігі негіз болған. М.: Бақанас тауынан 
шығып жатқан бұлақ. Суы – тұзды. Айналасы сары топырақ. 
Жаңбыржауғанда лайланып, сап- сары болып кетеді[158].
САРЫБҰЛАҚ– өзен, Новохайрузовка а.о.. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, гидроним атауына өзен астындағы қымбат, бағалы тастар 
негіз болған. М.: Хайрузовка совхозы тұрмай, бұрын Приморскте 
болған, кейін су басып 1958-1959 жылдары Хайрузовкаға көшірген. 
Мағынасы: алтын түстес қиыршық тастар бар, әлі күнге дейін алтын 
шаяды[140]. М.: ... Жаз еді. Жаздың ми қайнатқан талмауыр ыстығы 
еді. Біз, Мұхтар, Қиюбай үшеуіміз сүдігір жыртып Сарыбұлақтағы 
қарасудың бойында жатқанбыз. [170,65б.].
САРЫКЕЗЕҢ – жайлау, Шөбінің түсіне қатысты, шөп сарғая 
бастағандағы көрінісіне қатысты аталған атау. М.: қалың орманды 
жер[99].
САРЫКӨЛ – ж.а. Өрел а.о. Топонимдік атауға Сарыкөл гидронимі 
негіз болған. М.: Жоғарырақ өрлегенде Сарыкөл деген көлі болғандықтан 
, жер атауы да Сарыкөл аталып кеткен[100].
САРЫКӨЛ – көл, Өрел а.о. Топонимдік атауға көлдің табиғи 
ерекшелігі негіз болған. М1.: Көл асты сары топырақ болғандықтан, 
Сарыкөл аталған[100]. М2.: Таудың үстінде орналасқан көлге 
байланысты атау[118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет