Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет216/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СОЛДАТ ҚҰЛАҒАН – ж.а., Өрел а.о. Солдат (зат есім) және құлаған 
(есімше формалы етістік) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған екі 
компонентті атау. Атау негізінде өңірде орын алған қайғылы оқиға 
жатыр. Ирек асуының жоғары бөлігінде қыстың боранды күнінде 
жолдан адасқан екі сарбаздың аттарымен бірге құздан құлап кетуіне 
байланысты, оқиға орын алған жерді ерекше белгі ретінде Солдат 
құлаған деп атап кеткен. Атау жиырмасыншы ғасырдың орта шеyінде 
қалыптасса керек. М1.: Ирек асуының ең жоғары тұсында. Ол жерде 
шекарашылар болған. Солдаттар боранда келе жатқанда асудан құлап 
кеткен[133]; М2.: Екі солдат жотамен айланып өтпей, жол білмей 
тура өткен. Бұл жолда қасат қар қатып қалған, кейін екі солдат 
құлаған [154].
СОЛДАТ ҮЙІ – ж.а., Өрел а.о. Солдат (зат есім) және үйі (тәуелдік 
формасындағы зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған қос 
компонентті атау. Сарбаздардың шекаралық аймақты бақылау 
мақсатында өңірге орналасуына байланысты, оларға берілген елді 
мекен қарапайым халық тілінде Солдат үйі аталып кеткен. М: Ерте 
кезде солдаттар көп жүрген, шөп шауып үй салып, ары-бері өткенде 
солдаттар келіп қонсын деп салған үй бар [154].
СОЛДАТОВА – ауыл, Солдатова а.о. Кірме атау. Антропотопоним. 
М.: Қазіргі Солдатова селосы бұрын Поляк аталған. Бұл ат осында 
тұрушыларға байланысты қойылса керек. Бұның себебін төменде 
келтірілген үзіндіден байқауға болады: «Между тем, все с тою же целью 


236
развития местной колонизации разрешено было на пограничных линиях 
селиться крестьянами, особыми деревнями при казачих форпостах, а 
также неоднократно обращались и к мерам принудительного расселения. 
Так, в 1770 г. были зачислены в пограничные казачество 138 запорожцев, 
захваченных из партии Железняка и Жвачки, производивших беспорядки 
и самовольство в Польше, кроме того в разное время были зачислены в 
казахи маловажные преступники и пленные польских конфедератов...» 
[3,77б.]; М1.: Бұл атау орыстардың тұсында қойылған атау. Бұрын 
соңды ол жерде елді мекен болмаған. Бір бекет болған[150]. М.2: Совет 
кезінде миллионер ауылы болған, егінмен және мал шаруашылығымен 
айналысқан 1-га жерден 32ц бидай алған[142].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет