233
палеолит заманында мекендей бастаған. Осыдан 15-20 мың жылдай
бұрын өмір сүрген ертедегі адамдардың еңбек құралдары табылған
Свинчатка, Қанай, Усть-Нарым елді мекендері, Шыңғыстау таулары
осы өңірде екенін еске сала кеткен жөн шығар[3,3б.].
М.4: Мұнда Кесек
деген үлкен сай бар. Осы сайда кезінде уран дайындаған. Ешқандай
қауіпсіздік іс-шаралары сақталмаған. Уранды тиеп Ертіс арқылы
Өскеменге жөнелткен. Осында рудник болуы себепті қойылған атау
[129].
СЕВОСТЬЯНОВА – сай, Солоновка а.о. Антропотопоним. Өңірдегі
жерге иелік еткен орыстың ауқатты адамының есімімен аталған сай.
М: Қаратау бөктерінде орналасқан[123].
СЕДЛО – асу, Үлкеннарын а.о. Топонимдік қабаттың кірме
қабатына жататын, орыс тілінен енген атау. «Седло, седловина жен.р.
– пониженье, впадина, выгиб в хребте животного или в гребне горы
и пр.» [30,1866бб.] деген мағына береді.
М.: В 2015 году житель села
Улкен Нарын Катон-Карагайского района Ерболат Касенов во время
сбора строительного камня на перевале «Седло», что к востоку от
райцентра, нашел необычно тяжелый, черного цвета камень, по
плотности напаминающего кремень [12,53с.]
СЕДӨЛКЕ – жайылым, Жамбыл а.о. Кірме атау. Орыс тілінен
енген сөзді қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларына салу негізінде
қалыптасқан атау. Қазақ тіліне аударғанда «ер» мағынасын береді.
Яғни жердің сыртқы пішінін «ерге, ертоқымға» ұқсату негізінде
жасалған[120].
Достарыңызбен бөлісу: