Катон-Верстка-01. indd


СЕЙСЕМБАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним. М: Өңірге  танымал, беделді адам есімі негізінде қалыптасқан атау[120]. СЕКІТАС



Pdf көрінісі
бет214/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СЕЙСЕМБАЙ – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним. М: Өңірге 
танымал, беделді адам есімі негізінде қалыптасқан атау[120].
СЕКІТАС – тас, Өрел а.о. Атау «секі» және «тас» деген екі 
компоненттен тұрады. «Секі» сөзі түсіндірмелі сөздіктегі «секеу 
сын. Жалғыз-жарым, бытыраңқы, жеке» сөзімен мағыналас келеді 
[55,132 б.], «тас» сөзі «таудың қатты жынысы, соның үлкенді кішілі 
бөлшектері»[56,19б.] мағынасын береді. Атаудың қалыптасуына 
жердің физикалық ерекшелігі, сыртқы пішіні негіз болған. Яғни атау 
қалыптасқан жердегі жалғыз-жарым, бытыраңқы орналасқан тастарды 
жергілікті халық «Секеутас – Секітас» деп атап кеткен. М1.: Тау үстінде 
тұр. Екі үлкен – үлкен тас қатар секейіп тұр[119]. М2.: Ерекше 
тастарға байланысты қойылған атау[118].
СЕҢГІР – тау, Өрел а.о. Көне түркілік қабатқа жататын атау. 
Жердің физикалық ерекшелігі, яғни сыртқы пішіне байланысты 


234
қалыптасқан. Көне түркі тілінде тау, төбе деген мағына береді. 
Сондай-ақ: «Махмұд Қашқаридің еңбегінде Талас өңірінің маңында 
орналасқан «Кенчек сенгир» деген жер атауы кездеседі. Яғни, бұл 
Қашқар қаласының солтүстік аймағы болып есепетеледі[61]. Бұл 
атаудың құрамындағы «сенгир, сеңгір» сөзінің бүгінгі таңдағы 
оронимде орын алуы көнеден бүгінге дейінгі тілдік, мағыналық 
байланыстылықты білдіреді. Екіншіден, Диуани-лұғатта автор 
«сеңгір» сөзіне таудың шығыңқы жері, таудың мұрны деген анықтама 
береді [61,362б.]. «Сеңгір» - көне түркіден бері қолданылып келе 
жатқан сөз. Орта түркі тілдерінде сеңир, сенгир болып қолданылған 
бұл сөз «кез келген қабырғаның ұшы» мағынасын береді. Көне қыпшақ 
тілінде «сеңір» тау, төбе деген мағына береді[61,233б.]. Монғол тілінде 
«сегер» таудың арты, төбе мағыналарын береді[61,73б.]. Қазіргі түркі 
халықтарының тілдерінде де «сеңгір» сөзі сеңир, сеңгір, сенгир 
тәрізді фонетикалық варианттарда қолданылады. Мәселен, түрік 
ғалымы Бесим Аталай «сеңир» сөзінің этимологиясына тоқтала келе, 
Түркия елінің Анадолы аймағында «Сениркент» атты елді мекен 
атауын мысалға келтіреді. Сондай-ақ, халық арасындағы ауызекі 
тілде бұл елді мекен атауының «Сенгиркент» түрінде айтылатынын 
тілге тиек етеді[61,360б.]. «Сеңгір» атауы де тіліміздегі ономастика 
тарихын сонау көне түркі кезеңіне дейін жетелейді» [87,122 б.]. 
М.: Сеңгір таулардың қойнауына мұнарт шөгіп, тайганың төбесі 
түтіндеп жатыр[171,332б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет