232
СӘКІНІҢ СУЫ – бастау, Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним. М:
Кәрмен жұртының жанында Сәкінің суы деп аталаған бастау бар. Ол
– қысы-жазы қатпайтын қасиетті су. Ол жерде жеті көз бар. Емшілік
қонайын деп жүрген адамдар осы жерге тәубе етіп келіп отырған[150].
СӘМЕЛЕК – кезең. Антропотопоним.
М.: Ақтомардың жазығына
шығатын жер[99].
СӘФИЯ КЕТКЕН ЖЕР – арық, Алтынбел а.о. Өңірде орын алған
белгілі бір оқиғадан белгі беретін атау. Яғни атаудың қалыптасуына
Сәфия есімді кісінің суға кетуі негіз болған. Халық жадында сақталып
қалған оқиға атаудың қалыптасуына негіз болған.
М: Сәфия деген әйел
(су тасығанда болу керек), суға кеткен. Бұл оқиғадан бұрын «Жаман
бұлақ» деп аталған. Олай айтылуының себебі, суға мал жайылған
және соның әсерінен су ластанған. [115].
СВИНАРНИК – қыстау, Солоновка а.о. Кірме қабатқа жататын
орыс тілінен енген атау. «Свинарник» орыс тілінен аударғанда «шошқа
малын қамайтын қора» мағынасын береді. Кезінде орыстар қоныстанып,
шошқа баққан жерге берілген атау болуы ықтимал.
М: Шошқа өсірген
ферма[123 ]
Достарыңызбен бөлісу: