СУЫҚСАЙ – сай, Алтынбел а.о.Суық (сын есім) және сай (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Суық» сын есім сөз
табына жататын сөз «үлкен жыра, аңғар, ойпаң жер, қолат» [54,538б.]
мағынасындағы географиялық терминмен бірігіп, жер атауының
қалыптасуына негіз болған. Сайдың жанға жайсыз суық, үнемі суық
ызғар соғып тұруына байланысты қалыптасқан. М.: Қысылып қара терге түскенде Тұйықсудың басынан елік бақырды. Оған Жалбыртөбе, Суықсайдан екеуі бірдей жауап қатты[171, 308б.]; [139].
СУЫҚШАТ – өзен Үлкеннарын а.о. Суық (сын есім) және шат (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Бірінші компоненті заттың
сынын бідіретін сөз, екінші компоненті географиялық термин. Тау
аңғарынан ағып шығатын өзен суы ерекше суық болуына байланысты
берілген атау. М: Суықшат өзенінің басы Суықшат және Саңғал сайларынан шығатын тау аңғарындағы ұсақ бастаулардан басталып, екі өзен Мұқали қорасы деп аталатын аңғарға келіп құйылысқаннан кейін үлкен өзенге айналады да енді өзен сай аңғарынан шығып өзеннің төменгі ағысының алаңы жазыққа айналады. Бұл сай ішіне қарағанда суық болады да, ызғырық аңызақ соғып тұратындықтан, өзен атымен Суықшат деп аталған. Ал өзен қазіргі күнде де Суықшат деп аталады[91].
СУЫҚШАТ – сай, Үлкеннарын а.о. Суық (сын есім) және шат
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Сайда үнемі соғып
тұратын суық жел атаудың қалыптасуына негіз болған. М.1: Төменде – Суықшат, алда – Өтес асуы, Шопандар қыстағы – Құдасқа дейін әлі де бір қауым жүріс бар[25,52]; М:2. Шаттан суық жел соғып тұрғандықтан, Суықшат деп аталған[153].
СУЫРСАЙ- сай, Суырлы сай мағынасында тұр[149]. СҰЛУҚАБЫРҒА – жайлау, Өрел а.о. Сұлу (сын есім) және қабырға
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Сұлу заттың сынын
білдірсе, қабырға сөзі географиялық термин ретінде беріліп тұрған көп
239
мағыналы сөз. Бұл жерде қабырға сөзі «таудың қыры» деген мағынада
қолданылып тұр. Яғни сырт көзге ерекше әсемдік беріп, хас сұлуға
ұқсап тұрғандықтан, берілген атау. М: Қасқабас асуының арғы жағында орналасқан жайлау[100].