Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет220/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СҰЛУШОҚЫ – ауыл, :Үлкеннарын а.о. Ойконим. Сұлу (сын есім) 
және шоқы (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мұндағы шоқы 
төбе, төбешік, ұзақтан көзге көрініп тұратын тау мағынасында қолданыс 
тапса, сұлу сөзі шоқы сөзімен бірігіп келе, сырт келбеті сұлу, ерекше 
әсемдік беріп тұратын шоқы атауына айналған. Атаудың қалыптасуына 
жердің ерекше сипаты негіз болған. Уақыт өте келе, осы төңіректе 
құрылған ауыл атауы да осылай аталса керек. М1.: Осы Өскелеңнен 
сонау Сұлушоқының иығында отырған сиыр фермасына жеткенше 
жүгірдім өкпемді қолыма алып, ана бұғып жатқан қарағайға жай түсіп 
содан ыршыған бұтақ Фазылдың қара құсына тиген екен[18,237б.]; 
М2.: Содан кілемнен жұмсақ шалғынға киіз төсеп, ауылдың барлық 
ұл-қыздары қаз-қатар тізіліп жатар едік. Сонда Сұлушоқының иығы 
ағарғанша ертек айтып, таң сыза бере тәтті ұйқыға бас қояр едік. 
Сонда, мөлдір аспан, жасыл жайлау төсінде момақан ұйқыда жатқан 
балалардың алаңсыз ұйқысын бұзбайын дегендей малды ауылдың иті 
де шәу деп үрмей, аяқ жағымызда тұмсығын бүйіріне тығып, кәперсіз 
ол да жатар еді. Не деген уайым-қайғысыз, таза да тәтті күндер мен 
түндер десеңші! [18,151б.].
СҰЛУШОҚЫ – жайлау, Үлкенyарын а.о. Сұлу (сын есім) және 
шоқы (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мұндағы шоқы 
төбе, төбешік, ұзақтан көзге көрініп тұратын тау мағынасында қолданыс 
тапса, сұлу сөзі шоқы сөзімен бірігіп келе, сырт келбеті сұлу, ерекше 
әсемдік беріп тұратын шоқы атауына айналған. Кейін келе шоқының 
етегіне қонған жайлау да осылай аталған. Атаудың қалыптасуына 
жердің ерекше сипаты негіз болған. М: Осы Сұлушоқының етегінде 
ата-бабамыздың ежелгі жұрттары, жайлаулары бар. Жазғытұрым 
осы Қалес, Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екі аша, Қос науа 
жайлауларына аталарымыз малдарын айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп 
отырған [153].
СҰЛУШОҚЫ – тау, Үлкеннарын а.о. Сұлу (сын есім) және шоқы 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мұндағы шоқы төбе, 
төбешік, ұзақтан көзге көрініп тұратын тау мағынасында қолданыс 
тапса, сұлу сөзі шоқы сөзімен бірігіп келе, сырт келбеті сұлу, ерекше 
әсемдік беріп тұратын шоқы атауына айналған. Атаудың қалыптасуына 


240
жердің ерекше сипаты негіз болған. М.1: Сұлушоқының әәлгіндегі 
аппақ жоны да көгілдір тартып өшіп барады екен[171, 36б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет