Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет217/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СОЛДАТОВА  өзен, Үлкенyнарын а.о. Кірме атау. Антропотопоним. 
М.1: Солдатов – жаңадан құрылған Большенарым ауданының 
аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің 
болыстығы[35,25-б.]; М.2: Солдатова суы бұрыңда Тіней\ Таловка суы 
деп аталған. Тіней деген атақты, бай адам болған[136].
СОЛДАТОВА КЛЮЧ – бұлақ, Солдатова а.о. Орыс тілінен енген 
кірме атау. М: Нарынға қосылады[128].
 СОЛДАТШАПҚАН – шабындық, Жамбыл а.о. Солдат (зат есім) 
және шапқан (есімше тұлғалы етістік) сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған атау. Атаудың қалыптасуына өңірде орын алған оқиға негіз 
болған. Солдат сөзі кеңес дәуірінде енген сөз екені белгілі, олай болса 
атау бертін келе қалыптасса керек[120].
СОЛОМОНОЧКА – сай, өзен, Солоновка а.о. Орыс тілінен енген 
кірме атау. М.: Қаратау бөктерінде орналасқан [123].
СОЛОНОВКА – ж.а., Солдатова а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. 
М.1: В первую очередь скажу о самом заметном из них, находящемся 
между Малонарымкой и Солоновкой, справа от трассы. По-видимому, 
раньше он был больше, хотя и сейчас имеет внушительные размеры 
округлой формы, в диаметре примерно 20 метров. Это говорит о 
том, что там погребен представитель родовой знати[12,36с.], М.2: 
Адамның тегіне байланысты қойылған атау. Нарын өзенінің бойында 
орналасқан[195].
 СОТАНҒАЗЫ – жайылым, Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
СӨГІР – ауыл, Катонқарағай ауд. Алтай тауын зерттеген саяхатшы-
ғалым В.В.Сапожников өз еңбегінде мынандай дерек береді: «Согра 
 по-сибирски болотистая равнина, поросшая карликовой березой». 
Согра географиялық терминінің орыс әдеби тілінде кездеспейтіні, ол – 


237
фин-угор тілдерінен кірген сөз. Сограның мағынасы «батпақты, сазды 
жер» дегенді білдірмек [15,177 б.]; М.1: Кезінде совхоздың ақсүйектері 
тұратын Сөгірде елуге жетер-жетпес түтін қалыпты, Белқарағайда 
Шерушінің бір атасы Жебетей ғана отыр, көшіп кеткен Көшкінші 
мен Баубектің ізі де өше бастаған[170,145 б.]; [103].
СТАНДАРТ - ауыл, Қатонқарағай а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. 
Қалыптасу мерзімі кеңес дәуіріне тұспа тұс келеді. М: Үлкен тауық 
қора салған. Ол қоралар стандартный болған. Содан пайда болған 
атау. Қазір ол ауыл жоқ [148].
СТРОИТЕЛЬ – ж.а., Өрел а.о. Орыс тілінен енген кірме атау. 
Қалыптасу мерзімі кеңес дәуіріне тұспа тұс келеді. М: Шұбарқарағайдан 
кейінгі жер атауы [100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет