Катон-Верстка-01. indd


ТАБЛАЖАНКА – ж.а., Новохайрузовка а.о. Антропотопоним. Орыс  тілінің әсерінен қалыптасқан атау[144]. ТАҒАЙ –



Pdf көрінісі
бет222/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   305
ТАБЛАЖАНКА – ж.а., Новохайрузовка а.о. Антропотопоним. Орыс 
тілінің әсерінен қалыптасқан атау[144].
ТАҒАЙ – сай, Өрел а.о. Антропотопоним. М.1: «Ұзын 
иректің басындағы Тағайға бұрылатын жолға да жақындаған 
тәрізді»[35,127б.]; М:2. Терең жыра сайының арғы жағы, Тағай деген 
адам мекен еткен жер атымен атаған[154].
ТАЗҚАРА – шың, Белқарағай а.о. Таз (зат есім) және қара (сын есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шыңның басы көк шықпай, қап 
қара болып жатуы «Тазқара» атауының қалыптасуына негіз болған. 
Негізгі сөздік қорда орын алған қарапайым сөздердің бірігуі арқылы 
жасалған күрделі атау. «Қара» көне түркілік негізді түс атауы. М1.: 
Алтай тауының Қоскемпір, Тазқара биіктерінен құлдилаған қар етекке 
де жетті[14,43б.]. М.2: Тазқара шыңынан асыла көтерілген ай табағы 
тау алқабын жап-жарық қылып жайнатып жіберген[14,16б
.]; [103].
ТАЗШОҚЫ – шоқы, Катонқарағай а.о. Таз (зат есім) және шоқы 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шоқының басы көк 
шықпай, жалаңаш болып жатуы «Тазшоқы» атауының қалыптасуына 
негіз болған. Негізгі сөздік қорда орын алған қарапайым сөздердің 
бірігуі арқылы жасалған күрделі атау. М.: Он минуттан соң Тазшоқының 
қыр желкесінен тоқымдай бұлт шығып, көзді ашып-жұмғанша тура біз 
жинап жүрген жерді қаптап алды, ал отыз минуттан кейін бірсіңдеп 
бастаған түйе-құмалақ бұршақ төгіп-төгіп жіберді[18,161 б.].
ТАЙБҰҒА – асу, Үлкеннарын а.о. Антропотопоним. Асудың 
атауы тарихта ойып орын алған Тайбұға ханның есімімен тікелей 
байланысты болуы мүмкін. Тайбұға (1201 - 1290 жылдар) — хан, Батыс 
Сібірді басқарған, керей ханы Тұғырыл ханның (Уаң хан дәрежесі 
болған) ұрпағы. Хандық құрған мерзімі 1220-1290 жылдар. Сібір 
аймағында Тайбұға басқарған керейттердің ұлкен ұлысы болғандығы 
тарих жазбаларында бар. Бұл туралы Сібір жылнамаларында мынадай 
деректер бар. Есіл өзенінің Магмет заңындағы (мұсылман діні) Он 
атты патша өмір сүрді. Тайбұға – оның ұлы. Шыңғыс оны жақсы 


242
қарсы алып, өзін бағынғандардың бірінші князі деп атап, оған жеке 
жер үлесін берді. Шыңғыс патша Тайбұға князға үлкен құрметпен 
қарады және Тайбұға Шыңғыс патшадан өзі тұрғысы келетін жер 
сұрады. Шыңғыс патша «қайда тұрғың келсе, сонда тұр, – деп 
жібереді. Тайбұға князь бүкіл өзінің керейт руымен Тұра өзеніне 
кетіп, сол жерде Шымға қаласын көтерді, Түмен (Тюмень) қаласы 
осы жерде» [4]; [136]. 
 ТАЙҚОРА – қыстау, Жамбыл а.о. Тай (зат есім) және қора (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атау қалыптастырудағы негізгі 
белгі сол жерде орналасқан «тай қамайтын қора» болып табылады. 
Уақыт өте келе, осы белгі жер атына айналған[120].
ТАЙҚҰБА – жайлау, Аққайнар а.о. Тай (зат есім) және құба (сын 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың алғашқы 
компоненті жылқы малының жас ерекшелігіне сай атауы болса, екінші 
компоненті «сары ала» мағынасын беретін жылқы малына тән түс атауы 
болып табылады. Қазақ халқы ежелден малдың соңында жүрген көшпелі 
халық болғадықтан, олардың болмысы топонимдік атаулардан анық 
байқалып тұрады. Мұндағы «Тайқұба» жер атауының түп негізінде 
халқымыздың осы ерекшеліктері айқын байқалып, атау қалыптастыруға 
ерекше белгі болып тұр [124].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет