Таңатар тасы, - деді әкем қамшысымен
алға қарай емініп тұрған ұшпа қара тасты нұсқап[21,137 б.].
ТАҢБА – ауыл, Өрел а.о. Ежелгі тарихымыздан белгі беретін
таңбалардың көп кездесуіне байланысты ауыл атауы «Таңба» қойылса
керек. Атаудың қалыптасуына зат есім мағынасындағы «таңба» сөзі негіз
болған. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «таңба» сөзіне бес түрлі мағынада
сипаттама берілген. Соның алғашқы екі мағынасының бірі осы атауды
қалыптастырған. Атап айтқанда «1. Таңба – із, мөр; 2. Таңба – әрбір
отбасының, әрбір рудың малға, жер бөліске қоятын ені» [55,697б.].
Олай болса, ауыл атауының қалыптасуының этимологиясы осы із,
белгі, мөр, ен сөздерінде жатса керек. Катонқарағай өңірі – ежелгі
тарихымыздан, әріге барсақ, ғұн, сақ дәуірлерінен, беріге келсек, көне
түркі кезеңінен түрлі таңбалар мен белгілерді қойнауында сақтаған
киелі өлке. М.: Әлгі сөз қамшы болды ма 5-6 мамыр шамасында тартып отырып Таңба ауылындағы үйге жеттім. Қайта келген соң комсомол билетімді қайтадан алдым. Содан кейін мені Топқайыңдағы «Аманкелді» колхозына есепші ғып жіберді[3,85б.]
ТАҢБАЛЫБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Атау сын есім формалы
«таңбалы» және «бұлақ» сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өңірде
көне тарихымыздан мол ақпарат беретін таңбалы тастардың, белгілердің
көптеп кездесуіне байланысты «Таңбалы» аталып, уақыт өте келе, осы
аймақтағы бұлақ атауына ойысса керек. М: Берелден Аршатыға барар жолда. Бұрындары Таңбалы деп аталған. Уақыт өте келе Таңбалы бұлақ деп аталып кетті[100].
ТАР – асу, Өрел а.о. Атаудың қалыптасуына асуға баратын жолдың
көлемі, пішіні тар болып келуі негіз болса керек. Негізгі сөздік қорға
жататын сөз. М1.: Жалғыз қауіпті жол «Ирек» емес, кереметі алда – Алтайдың үстіне шығып қайтадан ойға құлдилап Алтай қыстағына апарар «Тар» деп аталатын сүрлеуіне түскенде басталады. «Тар» деген атауы білдіріп тұрған осы жол Қаба деген өзенді қуалап, сол өзенді сан рет әрі-бері кешіп өтіп, мезі қылар ирек жасап, екі таудың ұңғыдай ғана ашамайын аралып, оңтүстікке қарай сұғына беретін[23,84б.].
М2.: Тардың үстіндегі «Сайтан көпірден» «бисмилланы» айтпай өтем деп, қар көшкінінің астында қалдым[23,82б.]. М:3. Дегенмен, техника Төрқуысқа әлі жете қоймаған еді. «Тар» деп аталатын, қарасаң бас айналар терең құзда екпіні тас ағызар асау су бар. Көбінесе, сол өзен өткел бермейтін. Ал «Тардың» қаусап қалған көпірін түзеп, көшкін үйіп тастаған тас, ағаш, қоқыстар тазартылмағандықтан машина
248
келе алмайды. осы Жетікезеңде құрылыс ағашының жүздеген жылдық бай қоры бар. Оған әлі балта сілтенген жоқ, ағаш дайындаушылар тек Шұбарқарағайдан аса алмай жүр. Біз келе жатқан жол екіге айырылады. Бірі - тіке Марқакөлдің өзіне, екіншісі - Cармөңкеге бұрылады. Бағана Шаруа-шал айтқан[18,139б.]. М:4. Қыстың көзі қырауды қойып, жадыраған жазда жан аяғы баспайтын Тардың етегінен мұні кім іздеп, тауып ала қояр дейсің[23,