245
жұрнақтың жалғануы арқылы өңірді талға бай екенін байқатса, «бұлақ»
гиронимдік термині маңайында талы көп бұлақ атауын қалыптастыруға
негізгі белгі екенін көрсетеді.
М.: Тайшы жайлауында орналасқан[157].
ТАЛДЫБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Бұл атау басқа ауылдық
округтарда да кездеседі. Талды және бұлақ сөздерінің бірігуі арқылы
жасалған атау. Бірінші компоненті «талды» - сын есім тудырушы
жұрнақтың жалғануы арқылы өңірді талға бай екенін байқатса, «бұлақ»
гиронимдік термині маңайында талы көп бұлақ атауын қалыптастыруға
негізгі белгі екенін көрсетеді.
М.: Бұлақ өз бастауын талды, ағашы
көп жерден алады[100].
ТАЛДЫБҰЛАҚ – ж.а., Алтынбел а.о. Ойконим. Өңірде орын
алған бұлақ атауы жер атының қалыптасуына негіз болған. Бұл атау
басқа ауылдық округтарда да кездеседі.
М.: Теректі өзенінің бойында
орналасқан [115].
ТАЛДЫБҰЛАҚ – ж.а., Өрел а.о. Ойконим. Өңірде орын алған
бұлақ атауы жер атының қалыптасуына негіз болған. Бұл атау басқа
ауылдық округтарда да кездеседі.
М.1: Жазатырдан ертелетіп
шаңғымен шығып, күні бойы дамылсыз жүріп отырып, қызыл іңірде
Достарыңызбен бөлісу: