Катон-Верстка-01. indd


 б.]. М:3. Сосын бұл тірлігінен түн ішінде түк өнбесін түсініп,  аяғына шаңғысын байлап, мылтығын асынып, Таскүркеге



Pdf көрінісі
бет233/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 
199 б.]. М:3. Сосын бұл тірлігінен түн ішінде түк өнбесін түсініп, 
аяғына шаңғысын байлап, мылтығын асынып, Таскүркеге қарай сырғи 
жөнелді [10,103б.]. М:4. Таскүркеге келіп, бұлақ жағасындағы әлдебір 
тастың қуысына самырсынның бұтағын қабаттап лашық жасап, 
пана еткеніне мінеки екінші күн [10,137 б.]; [148].
ТАСҚАЗҒАН – екпе шөп, шабындық, Катонқарағай а.о. Жері 
тасты егін егуге қолайсыз болғандықтан аталуы мүмкін. М.: Бәске 
мен Бүргенді арасында орналасқан. Бәске, Бүргендімен горизонттық 
жоғарылық деңгейі саналады.
ТАСҚОРА – қорым, Аққайнар а.о. Тас (зат есім) және қора (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Тасқора тұрғындардың 
айтуына қарағанда қолдан жасалмаған, көнеден келе жатқан қоршау. 
Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде мал барып ықтайтын жер. Сондай-
ақ, малды бір жерге жинау мақсатында да қолданылған. М: Тасқора 
жиналған, малды қамайтын жер[124].
ТАСҚОРЫМ – қорым, Өрел а.о. Тас (зат есім) және қорым (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Катонқарағай ауданы ежелгі 
тарихымыздың ізін сақтаған киелі мекен. Аудан қойнауынан табылған 
сақ, түркі кезеңдерінің іздері, көне қорымдар тарихымызды тануға 
қашанда септігін тигізеді. Атаудың қалыптасуына өңірден табылған 
қорымдар, олардың көлемі мен пішіні, құрылыс материалы негіз болса 
керек. М.: Марқакөлдің аяққы шүмегінен өткенде қалың қарабұта 
басталып, быламық сазға ұрындық. Тасқорымның қорқынышы мұның 
жанында жылмақтай еді. астымыздағы ат шөп-томар өскен қара 
сазға таңбалығына дейін кіріп, ентігіп тұрып қалғанда жіберіп қоя 
жаздадым [18,159 б.]. 


253
ТАСӨТКЕЛ – өткел, Өрел а.о. Атау тас (зат есім) және өткел (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өткелдің тастан жасалуы 
атаудың қалыптасуына негіз болған. М: Аршатыға келер жолда 
орналасқан[119].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет