Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет226/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   305
Талдыбұлақтың жотасына құлаған[9,217б.]; М:2. Талдыбұлақ бұлағы 
ағатын болғандықтан, айналасын да Талдыбұлақ атап кеткен[100]. 
ТАЛДЫБҰЛАҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Ойконим. Өңірде орын 
алған бұлақ атауы жайлау атауының қалыптасуына негіз болған. Бұл 
атау басқа ауылдық округтарда да кездеседі. М.: Әлдеқашан сүйегіне 
қына шығып кеткен әкемнің жайлаудағы жұртын көрсетемін деп 
тәтемнің жетелеп келе жатқан түрі мынау. Талдыбұлаққа жетіп 
бір қондық: мынау бие байлайтын жер еді, мынау үй тігетін орын 
болатын деді [170,56б
.]; М: Тайшы жайлауында орналасқан [157].
ТАЛДЫБҰЛАҚ – жайлау, Солдатова а.о. Ойконим. Өңірде орын 
алған бұлақ атауы жайлау атауының қалыптасуына негіз болған. Бұл 
атау басқа ауылдық округтарда да кездеседі. М: Талдыбұлақ суы Жіңішке 
қала өзенмен ағып кетеді[128].
ТАЛДЫБҰЛАҚ – өзен, Аққайнар а.о. Бұл атау басқа ауылдық 
округтарда да кездеседі. Талды және бұлақ сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған атау. Бірінші компоненті «талды» - сын есім тудырушы 
жұрнақтың жалғануы арқылы өңірді талға бай екенін байқатса, «бұлақ» 
гиронимдік термині маңайында талы көп бұлақ атауын қалыптастыруға 
негізгі белгі екенін көрсетеді. М.1: Осы төрт күннің ішінде ауылда 
біршама жаңалық-өзгерістерде болып үлгергендей еді. Алдымен арадағы 


246
Талдыбұлақ тасыған, сөйтіп, «Заречный» көшесімен жалғастыратын 
жалғыз көпірді қызыл су алып кетті[8,90 б.]. М.2: Көкқошқардан кейін 
орналасқан өзен [124].
ТАЛОВКА – өзен, тау, Солдатова а.о. Кірме атау. Орыс тіліндегі 
«талый» – қар суы мағынасын беретін сөз негізінде қалыптасқан. Яғни 
қар, жаңбыр, қызыл сулардың бірігіп бір арнадан ағуы нәтижесінде 
қалыптасқан өзенге берілген атау. М: Таловка өзені Майемер өзеніне 
қосылып, екеуі Нарынға құяды [128].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет