Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет229/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   305
 110б.]. М5.: – Бұл 
асуды «Тарөткел» деп те атайды, - деп Шаймерден Дидаштың 
түсіндірмесіне тағы бір сөз қосты. – Сонау Жоңғар шапқыншылығынан 
қалған атау. Қалай десе де бұл биік үш бірдей батыр – Қабанбай, 
Бөгенбай, Көкжал Барақтардың табаны тиіп, қылыштарын 
қалмақтардың қанына бояған Тар өткел...[170,45б.]; М:6. Сөйтіп, 
1998 жылдың жаз айының басында жаңағы айтылған №11 және №18 
обаларды, сонымен қатар, Берел маңындағы Тардың асуынан ежелгі 
көшпелілердің бірнеше жерлеу орындарын қазуды бастадық... [82, 
8б.] М:7. Тар - жол, ат жол. Тас-тастың арасында ат әрең жүретін. 
70-жылға дейін ат жолы ғана болды[105].
ТАР – өзен, Жамбыл а.о. Атаудың қалыптасуына өзеннің ені тар 
болып келуі негіз болса керек. Негізгі сөздік қорға жататын сөз. М.: 
Аман үшін – 
Тар өзені арқылы арғы бетке өту, мақсат тауына шығумен 
тең [23,91б.]; [120].
ТАРҚОРЫМ – ж.а., Өрел а.о. Тар (сын есім) және қорым (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. М: Жердің ыңғайына 
байланысты қойылған атау[118].
ТАРАНШЫ – қыстау, Алтынбел а.о. Антропотопоним. Тараншы 
дегеніміз – бүгінгі Шынжаңдағы Тарим өзенінің алабындағы шұраттарда 
тұратын, түркі тілдерінің қарлұқ тармағына жататын тілдердің бірінде 
сөйлейтін және шығу тегі жағынан ежелдегі иран, тохар халықтарының 
және бертінде көшіп келген түркі-моңғол тайпаларының (қарлұқтар, 
ұйғырлар, яғмурлар және моңғолдар) ұрпақтары болып табылатын 
отырықшы халықтың аты. Шағатай тілінде «отырықшы шаруа» 
дегенді білдіретін осы атаумен Ферғана аңғарында және бүкіл Орталық 
Азияның шұраттарында тұратын отырықшы, жер өңдеумен айналысатын 
тұрғындарға қатысты қолдануға болады. Тарим өзенінің алабы (Қашғар, 
Құмыл, Хотан және Тұрпан шұраттары сияқты шұраттарды қамтитын) 
жер өңдеуші тараншылардың нағыз отаны болып есептелсе де, олар 
Қытай тарихының Миң және Циң кезеңдерінде қазіргі Үрімші мен Іле 
сияқты жерлерді де қоныстаған [121].


249
ТАРАТЫ – ж.а., Өрел а.о. Мұнда сөз түбірі тара – көне түркі тілінде 
«егін» мағынасын беріп, оған «-ты»» жұрнағы жалғану арқылы зат 
есімнен топоним атауын тудыратын есім қалыптастыруы мүмкін. М: 
Қалмақ атауы секілді, зерттеу керек[118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет