Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет231/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТАРҚОРЫМ – жайлау, Аққайнар а.о. Тар (сын есім) және қорым 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Катонқарағай ауданы 
ежелгі тарихымыздың ізін сақтаған киелі мекен. Аудан қойнауынан 
табылған сақ, түркі кезеңдерінің іздері, көне қорымдар тарихымызды 
тануға қашанда септігін тигізеді. Атаудың қалыптасуына өңірден 
табылған қорымдар, олардың көлемі мен пішіні негіз болса керек. 
М.1: Әлгінде, «Тарқорым» деп аталар қып-қызыл тастың ортасынан 
өткенде зәре-құтым қалмай шошынғаным, мынау алдымнан жарқ ете 
қалған панораманың шалғайына келмеді. Қазандай-қазандай қызыл 
күрең тастың ара-арасымен сыналап жүргенде аяғын қай тұсқа 
басарын білмей, шоқырақтаған атты қатты обалсындым[18,158б.]. 
М.2: Иықжұрт жайлауынан кейін орналасқан[152].
ТАРЛЫ АУЫЛ – ж.а., Алтынбел а.о. Тарлы және ауыл сөздерінің 
тіркесуі арқылы қалыптасқан атау. Бірінші компоненті «тар+лы» сын 
есім тұлғасында тұр. Екінші компонент «ауыл» географиялық нысан 
болып табылады. Атаудың қалыптасуына негіз болған ерекше белгі – 
ауылға кіретін жолдың тар болып келуі. М.: Ауылдан шығатын жер, 
тар жер болуына байланысты[113].
ТАРМОШЕВА – сай, Солоновка а.о. Антропотопоним. Орыс тілінен 
енген кірме атау. М: Қаратау бөктерінде орналасқан[123].


251
ТАРПАҢ – шабындық. Бұл жердің шаруаға қолайсыздау, жайсыздау 
болғанына қатысты қойылуы мүмкін. М.: Бұлақтар, қарақат, таңқурай, 
бүлдірген, рауғаш, емдік шөптер бар[99].
ТАРТАС – ж.а., Аққайнар а.о. Тар (сын есім) және тас (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жердің тасты болып 
келуі атауды қалптастырушы негізгі белгі болып табылады. Яғни 
тастан жасалған құрылыстың, жолдың, қорғанның кіретін жері тар 
болғандықтан, берілген атау болуы мүмкін [124].
ТАРЫ – жайылым. Катонқарағай а.о. Кезінде тары өсімдігі өсіріліп, 
мол өнім алынған. М.: Кезең мен Үшкіртау арасындағы таулы сілемдер, 
ауыл малы жайылатын жер. Бұқтырма өзенінің жағалауы[99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет