Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет31/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АҚТОМАР ЖАЗЫҒЫ – жазық. Катонқарағай а.о. Томар-томар, 
сазды жер, шабындық[99].
АҚТОПЫРАҚ – жер аты, Белқарағай а.о. Топырақ құрамында әк 
болғандықтан аталған [147].
АҚТҮЙЕ – асу, Белқарағай а.о. 1-н.: нысан (асу) қасындағы 
нысандарға қарағанда үлкен болса түйеге теңейді; 2-н.: түйеге не шөккен 
түйеге сырт көрінісі ұқсас болса, жер осы атаумен аталады[135].
АҚТҮЙЕ – өзен, бұлақ, Белқарағай а.о. Ақтүйе аталған нысанның 
жанындағы өзен не бұлақты сол атаумен атау, қазақы танымда 


58
қалыптасқан үрдіс[147]. М.1: Колхоз шаруашылығында жұмыс істеген 
кезде Алтай тауының аржағындағы «Маралиха» өзенінің суын Үштөбе 
ауылына дейін, Ақтүйенің суын Новоберезовкадан Теректі суына 
әкеп қосу арқылы, еңіс мөлшерінің есебінен Теректі суының бойына 6 
фрегат салынып, ешқандай шығынсыз жұмыс істеп тұрды[89,12б.]. 
АҚТҮЙЕ – тау, Өрел а.о. Шөккен түйеге ұқсайтын болғандықтан 
қойылған атау[100]. М.: Анау басы аппақ тауды Ақтүйе шыңы дейді. 
Оның етегіндегі сонау аңғар - Қоралы сайы. Жан-жағы биік құз-
жартас, қора секілді бітеу аңғар. Анау көрінген үстіртті жазық 
Сарыбет аталады. Таутеке қыстайтын мекен осы. Қыс айларында 
бұл араға екі жүз басқа дейін жиналады[7,122б.].
АҚТҮЙЕ – тау, жайлау, Алтынбел а.о. Түйе жануарына ұқсатудан 
туындаған атау. М.: Ұзын сай, түйенің танауына ұқсас. Қырық ошақтың 
төменгі жағы [121].
 
АҚТҮЙЕҚҰЛАҒАН – ж.а., Аққайнар а.о. Ақтүйе оқиғасына 
қатысты қойылған атау[152].
АҚТҮЙЕНІҢ АУЗЫ – сайдың басы. Алтынбел а.о. Ұзын сай, 
түйенің танауына ұқсас. М.: Қырық ошақтың төменгі жағы. Ақтүйенің 
аузы деп те атаған[121].
АҚШАРБАҚ – ж.а., Ақсу а.о. Марал өсірумен айналысатын 
шаруашылықтар, марал өрісін айнала шарбақпен қоршап тастайды. 
Сол қоршалған жерді «Ақшарбақ» деп атап кеткен. М.: Ол жерде де 
Марал ұстаған. Маралды шарбақпен бекітіп тастаған. Содан қалған 
атау [112].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет