Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет232/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   305
ТАСБҰЛАҚ – жайлау, Катонқарағай а.о. Атаудың қалыптасуына 
көз, бастау мағынасындағы бұлақ сөзінің алдына «тас» сөзі тіркесіп, 
бұлақ шыққан жердің бедері тасты болуын сипаттау нәтижесінде 
қалыптасқан. Яғни тастың астынан шығып тұрған бұлақ деген мағына 
береді. Атау тас (зат есім) және бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Мұндағы «тас» - топоним құрамында келіп, тау, 
төбе, қатты тау жыныстарынан тұратын биіктік мағынасын береді. Көне 
түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде тас/таш/тош/даш фонетикалық 
нұсқадағы «тас» сөзі қолданылады. Алтай тілінде «таш – тас, тау, 
төбешік» мағынасында, тува тілінде «даш – тас» мағынасында, тофа 
тілінде «таш – тас, тасты» мағынасында қолданылады [78,33б.]. Қазақ 
тілінде бұлақ сөзі дербес гидронимдік термин ретінде де, топоним 
құрамында келіп, топоним жасаушы компонент ретінде де қолданылады. 
Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде бұлақ/булак түріндегі 
фонетикалық варианттылықпен келеді. Сөздің қолданыс ареалы көп 
жағдайда солтүстік батыс және солтүстік шығыс түркі тілдері болып 
табылады. Сондай-ақ, моңғол тілінде де «бұлақ» термині кездеседі, тува 
тілінде «булак» формасындағы сөз тау аңғары, көз, бастау мағынасында 
қолданылады. Бүгінгі түркологиялық зерттеулер «бұлақ» сөзін түркі-
моңғол тілдеріне ортақ термин ретінде қабылдайды[130].
ТАСДІҢГЕК – жайлау, Өрел а.о. Тас (зат есім) және діңгек (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Қазақ топонимикасында 
«тас» сөзі өте жиі қолданылатын компонент болып табылады. Ал 
атау құрамындағы екінші компонент «діңгек» сөзі қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде «1. Жерге қазып орнатқан бағана тіреу; 2. Талдың тұтас 
денесі, діңі; 3. Белгілі бір мақсатта пайдалану үшін орнатылған таяныш, 
қада, кейде мұнара, бағана»[47,119б.] тәрізді сипатталады. Атаудың 


252
қалыптасуына жерден діңгек тәрізді шығып тұрған тастардың көрінісі 
негіз болған. М:1. Ерекше тастарға байланысты қойылған атау[118]. 
М:2. Қарашағыл тауынан кейінгі жаулау[100].
ТАСКҮРКЕ – жайлау, ж.а., Қатонқарағай а.о. Атау тас (зат есім) 
және күрке (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау 
құрамындағы «күрке» сөзі қазақ әдеби тілінің сөздігінде «1. Көшуге 
өте қолайлы икемді, шағын баспана, лашық, шайла, итарқа; 2. Малға, 
құсқа жасалған қора, ықтасын» [50,557б.] деген сипаттама берілген. 
Атаудың қалыптасуына сол жердегі табиғат өзі жасаған тастан соғылған 
іспеттес лашық, итарқа, қора негіз болса керек. М:1. Әлдеқашан сүйегіне 
қына шығып кеткен әкемнің жайлаудағы жұртын көрсетемін деп 
тәтемнің жетелеп келе жатқан түрі мынау... Таскүрке деді[170,56б.]. 
М:2. Ел Шабанбайдың төр жайлауы Таскүркеде отырған екен[170,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет