Катон-Верстка-01. indd


Қоңыржоны - Листвяга таулар сілемі, Қаумыш көлі



Pdf көрінісі
бет235/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Қоңыржоны - Листвяга таулар сілемі, Қаумыш көлі – Черновское, 
Қаракөл – Язевая, Шаянбай көлі – Хайрусовое, Ақсу өзені – Белая, 
Мұзтау – Белуха, Калмачиха, Кауриха, Середчиха деп тізіліп кете 
берген. Басқа жерді айтып отырғамыз жоқ, мына атаулардың бәрі 
Шабанбай жерінің иелігінде. Тасшоқы Катон жерінің қай қиырынан 
қарасаң да - мейлі Ақсудан, мейлі Ақмаралдан, тіпті Шыңғыстай 
мен Өрелден қарасаң да менмұндалап көрініп тұрады. Катон жұрты 
үшін Тасшоқы жапондардың Фудзиямасы секілді немесе армяндардың 
Араратына келетін. Таңертең тұрсаң атар таңды алдымен Тасшоқы 
қарсы алып тұрғанын көрер едің, кеш болғанда күн шапағын соңғы 
боп Тасшоқы шығарып салғанын байқайсың. Шошайған аппақ кепеші 
алыстан өзгеше сүйкімді, кейде онысы ақ қарға ұқсап кетеді. Бірақ ол 
қар да, мұз да емес, бір біріне иек артып текшеленген қалың қорым 
тас екенін еститінбіз. Тасшоқыға шығып тілек тілеген адамның тілегі 
орындалады деп естігенбіз[9,19б.]. М:5. Тасшоқыға қарай аяңдап еді; 
шоқының қыр желкесіне шыға келгенде, алдынан қан сарыуайым ой, 
қытымыр әйелдің теперіші ада болып, мына Тасшоқының майда қоңыр 
самалы шаршаған жанын жадырата бастағандай-тын.... Тасшоқының 
иығына шығып, сонау етекке қарағанда басы айналғандай болып, зеңіп 
бір сәт отырып қалды [20,11б.]; М:6. Мұзтаудан кейін ең биік тау[112].
ТАСШОҚЫ – тау, Катонқарағай ауд. Атау тас (зат есім) және 
шоқы (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың бірінші 
компоненті «тас» сөзі геологиялық жыныс, жердің, таудың құрамын 
анықтайды. Екінші компонент «шоқы» сөзінің жалпы мағыналарына 
тоқталатын болсақ: «шоқы» - биік жота, төбе; «шоқат» - төбешік; қырат, 
қырқалар; «шоқылы» - шоқысы бар, шоқысы көп – орографиялық 
ландшафттың бір түрі (мелкосочник); «шоқалақ» - кедір – бұдыр, ойлы 
– қырлы жер; «шоңғал» - тіңкиген үлкен тас» [58,735-737бб.]. Бұл 
сөздердің басын біріктіретін негізгі ұғым – «шоқы» немесе «төбе». Кейір 
түркітанушы ғалымдардың тұжырымдары бойынша «шоқы» мен «төбе» 
сөздері фоносемантикалық варианттар. Ғалым А.Б.Мақұлбек түркі 
тілдеріндегі ш - т -, с -, ц- дыбыстық өзгерістердің бола алатындығын 
ескере отырып, аталмыш пікірді ұсынады. Сондай-ақ, ғалым түркі тілдері 
арасында т-д-й дыбыстық өзгерісті негізге ала отырып, Шығыс Қазақстан 
өңіріндегі Қатонқарағай атауына фоносемантикалық талдау жасайды 
[69,41б.]. «Шоқы» сөзі О.Т.Молчанованың сөздігінде: «кирг чоку – 1) 


255
теменная кость; 2) голова (человека), макушка; 3) шихан, мар. (горный 
рельеф), вершина, макушка, тоонун, чокусу – вершина горы; казах. 
шокъы – «одинокая коническая возвышенность; острый холм, бугор 
, сопка, пик; остроконечная вершина горы»; узб. чукъкъи – «вершина 
горы, горный пик»; монг. цохио – «утёс; калм». цох – 1) «висок; ступа». 
Чоку как составная часть входить в ряд географических наименований, 
например, р., кл., ур. Бараон – Чоку, г. Бес – Чоку и др.» болып 
сипатталады [72, 105б.]. Ал А.М.Малолетко «чоку» сөзінің дыбыстық 
өзгерістерін көптеген түркі, моңғол, тұнғыс-манжур тілдерінде ш - т -, 
с - ц-дан басталатын нұсқаларын келтіре отырып, «Чоку» тау ең үстіңгі 
бөлігі, таудың басы мағынасында келетін нағыз алтайлық сөз екенін 
атап өтеді. Ғалым «шоқы» сөзінің түркі тілдерінде «Узб. чуккы «пик, 
вершина», Каз. шоқы «одинокая коническая возвышенность», Караим. 
чигиыв «холм, возвышенность», Уйг. чока, чокка «вершина», «макушка», 
Кирг. чоколок «вершина горы, холма»; монғол тілдерінде «Монг. сохо, 
цохё «вершина», возвышенность с камнями (из. тунг. или наоборот)»; 
тұңғыс-манжүр тілдерінде «Эвен. човко, чуку, сохо, цоко, «вершина 
горы», «пик (горы)», тунг.-маньчжур. чокондо, сохондо «исполинская 
вершина» тәрізді дыбысталып, мағынасы жағынан біртектес немесе 
жақын болып келуін баса көрсетеді[70, 166б.]. Бұл тұжырымдар «шоқы» 
сөзінің этимологиясын сонау ежелгі түркі, алтай кезеңіне көтереді. М.: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет