Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет241/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   305
.] .
ТЕРЕКТІ – өзен, Үлкеннарын а.о. Айналасында терек ағашының 
көптеп өсуіне байланысты берілген атау. Терек сөзіне «–ті» сын есім 
тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. М:1. Колхоз 
шаруашылығында жұмыс істеген кезде Алтай тауының аржағындағы 
«Маралиха» өзенінің суын Үштөбе ауылына дейін, «Ақтүйенің» суын 
Новоберезовкадан Теректі суына әкеп қосу арқылы, еңіс мөлшерінің 
есебінен Теректі суының бойына 6 фрегат салынып, ешқандай 
шығынсыз жұмыс істеп тұрды[89,12б
.]; М:2. Екі сай қосылған бұлақ 
бар, жоғарыдан аққан суды келтіріп отырып, судың күшімен орып 
отырған[136].


260
ТЕРЕҢЖЫРА– үлкен сай, Өрел а.о. Терең (сын есім) және жыра 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Сайдағы ойық 
жердің терең болуына байланысты берілген атау[154].
ТЕРЕҢӨЗЕК – ауыл, Катонқарағай а.о. Терең (сын есім) және өзек 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан. Атаудың негізінде 
өзектің терең болып келуі жатыр. Ойконим деп қарауға болады. [130].
ТЕРЛІКБАЙ – сай, Үлкеннарын а.о. Антропотопним. М.: Есен деген 
елдің жұрты болған. Шеруші (Қаратай) [136].
ТЕРЛІКБАЙ –ауыл, Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним[136].
ТЕРІСАЙЫРЫҚ – орманды жер, Алтынбел а.о. Теріс (сын 
есім) және айрық (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. 
Атаудың мазмұнындағы негізгі белгі «теріс» сөзінде жатса керек. М.: 
Екіге айырылған Шұбарсепкеннің астыңғы жері, Терісайырық деп 
аталады[138].
ТЕРІСБҰЛАҚ – ж. а. Катонқарағай а.о. Бұлақ атауы негізінде 
қалыптасқан. Өңірде бағытына қарсы теріс бағытта аққан бұлақтың 
болуы «Терісбұлақ» атауының қалыптасуына негіз болған. Уақыт өте 
келе, атау жер атына ойысқан. М:1. Жайлауды - жолай бір қонып, екінші 
түнемелікте ғана әзер табан тірейтін Терісбұлақ деген ну орманды, 
қойнау-қолатты мол аңғар[11,255 б.]; М:2. Кезінде ауыл болған, 4 
жылдық мектебі болған. Қазір жер атауы ғана болып қалды. 1949 
жылы көшірілген[157].
ТЕРІСДАЛА – ж.а., Катонқарағай а.о. Теріс (сын есім) және дала 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атау мағынасындағы 
негізгі белгі «теріс» сөзі болып табылады. Яғни Терісбұлақ орын алған 
дала, Терісдала аталып кеткен. М.: Терісбұлақ маңайында орналасқан 
[


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет