Катон-Верстка-01. indd


ТАУТЕКЕЛІ – ж.а., Катонқарағай а.о. Ойконим. М.: Мекендеген  аңға байланысты қойылған атау[118].  ТАУТЕКЕЛІ



Pdf көрінісі
бет237/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТАУТЕКЕЛІ – ж.а., Катонқарағай а.о. Ойконим. М.: Мекендеген 
аңға байланысты қойылған атау[118]. 
ТАУТЕКЕЛІ – жайлау, Катонқарағай а.о. Ойконим. М.1: Катон 
селосының батыс бөлігіндегі Алтай тауының етегін сүйкей 
«Сарымсақты» өзені ағып жатыр. Оның басы сонау «Таутекелі» 
аталатын шөбі шүйгін, суы бал, мал баққанға жайлы, жайлауға 
шыққан малшылар мен шопандардың тұрмысына қолайлы өңірден 
басталады[71,6б.]; М:2. Таутеке мекендейді[100]. М:3. Сарымсақты 
өзенінің тармағы[146].
ТАУТЕКЕЛІ – өзен, Катонқарағай а.о. М:1. Біздің кордон 
Аршатыдан да жоғары бес шақырым әріде, терең шатқалдың 
аузында, күркіреп аққан Таутекелі дейтін өзеннің жағасында болып 
шықты[5,8б.]; М:2. Соңғы есеп жүргізгенде осы өзен бойында мың 
бастай таутеке саналды[100].
ТАУТЕКЕЛІ – тау, Қатонқарағай а.о. Таутеке сөзіне «-лі» сын есім 
тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Тауда таутеке 
аңының көптеп мекен етуі топоним жасауда ерекше белгі ретінде 
танылып, жер атын қалыптастырған. М:1. Жайлау секілді жер. Таутеке 
деген аң көп болған. Соған байланысты қойылуы мүмкін[145], М:2. 
Таутекелі тауында суреттер бар[146].
ТАУТЕКЕЛІ ДАРАСЫ – дара, Катонқарағай а.о. М: Таутекелі 
жайлауынан ары қарай орналасқан. Дарада тарихи суреттер бар[146].
ТАШИ САЙЫ – сай, Белқарағай а.о. Антропотопоним. М.: КСРО 
кезінде ҰОС басталған кезде Таши деген адам болған. Осы адам 20 


257
шақырым жерде үңгір жасап алған. Сол жерде қашып, өмір сүрген. 
ауылдың адамдарына болысып, көмектескен[134].
ТӘМЖИ ЖҰРТЫ – ж.а., Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: 
Тасдіңгек жайлауынан ары орналасқан жер аты, адамның атына 
байланысты қойылған атау [124].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет