Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет239/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТӘТІМӘН АСУЫ – асу, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.:Тайшы жайлауы мен Мәметек жайлауын байланыстырып тұрған 
асу. Тәтімән адам атына сәйкестендіріліп қойылған. Асудың жолы 
қиын, жалғызаяқ[132].
ТЕКЕАРША – Теке (зат есім) және арша (зат есім) сөздерінің бірігуі 
арқылы жасалған атау. Өңірдің ерекше сипаты, теке жануарының көп 
кездесуіне байланысты берілген атау[100]
ТЕКШЕ – ж.а. Өрел а.о. «Текше» сөзі қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
бірнеше нұсқада сипатталады. Соның ішінде топоним жасауға 
қатыстысы «3. Текше – үстірт жер, алаң жер»[56,101 б.] деп ойлаймыз. 
Яғни жердің жазық алаң сипатында болуы атаудың қалыптасуына 
негіз болған. М.: Ауыл маңайында орналасқан. Үлкентекше және 
Кішкенетекше деп бөлінеді[109].
ТЕКШЕ – ж.а., Өрел а.о. Алаң тәрізді жазық жерге берілген атау. 
Текше деп тау, шоқы, жота үстіндегі тегіс жерді айтады. М.: Жердің 
ыңғайына байланысты қойылған атау [118].
ТЕКШЕ – тау, Белқарағай а.о. Таудың күнгей бетінде орын алған 
текше тәріздес жазық, алаң негізгі белгі ретінде танылып, тау атауының 
«Текше» болып аталуына негіз болған. М:1. Топ қайыңның күнгей 
жағы Қоскемпір, Балтақалған, Текше тауларымен жалғасып кететін 
Алтай тауларының бір сілемі[14,50б.]. М:2. Үйдің артқы жағындағы 
Текше биігі әлі көлеңкеленіп, бойын түн көлеңкесіне жасырғандай 
қоңыраяды[14,52б.]. М:3. Текшенің үстіндегі тұманды жел айдап 
арылтқан. Әр нәрсенің нобайын болжап алуға болады[18,47 б.].
ТЕМІР ҚАБА – өзен, Катонқарағай а.о. Темір (зат есім) және 
қаба (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың 
қалыптасуына өзеннің ағыс қуаты, күші, суының молдығы, қорқынышты 
дауысы және т.б. әсер етуі мүмкін. Атау құрамындағы «қаба» сөзі қазақ 
әдеби тілінің сөздігінде «1. Қалың, тығыз, қою» [50,669 б.] деген сын 
есім мағынасында сипатталады. Олай болса, темір иіп жіберердей 
күшті қарқынмен ағатын, су көп қуатты өзенді «Темірқаба» деп атаса 
керек [163];[107].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет