Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет238/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   305
ТӘҢІР СУЫ – өзен, Белқарағай а.о. Мұнда «Тәңір суы» атауы 
биіктен ағатын өзен мағынасында қолданыс тапқан. Тәңір (зат есім) 
және суы (зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау. Бірінші 
компонент «тәңір» сөзі Қашқари сөздігінде «1. Теңри – көк аспан; 2. 
Теңри – биік тау, немесе биік ағаш сияқты көзге биік көрінген нәрсе; 
3. Танры – жаратушы» [61,377 б.] мағыналарын береді. Ал екінші 
компонент «су» сөзі қазақ тілінде жеке географиялық термин ретінде 
орын алмайды. Тек күрделі топонимдердің құрамында топоним 
жасаушы сөз ретінде ғана кездеседі. Алайда халық арасында суды өзен 
деп қабылдау қазақ тілінде орынды болып табылады. Көне түркіден 
бүгінге дейінгі түркі тілдерінде су/суу/сув/суг сөзі өзен, өзек, бұлақ, 
бастау және т.б. гидронимдік атауларды беруде кеңінен қолданылады. 
Қашқари сөздігінде «suv/sub – су, ылғал, сұйық» ретінде анықталады 
[61, 515б.]. Түркімен және башқұрт тілдерінде су сөзі «көл, шағын 
көл» мағынасында да қолданылады [78,165б.]. Баскаков су сөзін «су, 
бастау, өзен» мағынасында сипаттайды [13,66б.]. Тува, тофа тілдерінде 
су «суг» формасында қолданылып, топоним құрамында «өзен» деген 
мағына береді [78,55б.]. М.: Кезінде аудандық жол құрылысын басқарып 
жүріп жолды салдырған Темірбек еді, жыл сайын соны жамап-жасқап 
жалыққан соң, сонау Үлкен Нарыннан бастап Тәңір Суының іргесіне 
дейінгі жүз елу шақырымды жаңадан төсеп шықты[170,131 б.].
ТӘҢІРҚОЙМА – тау, Катонқарағай а.о. Атау тәңір (зат есім) және 
қойма (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау құрамындағы 
сөздер негізгі сөздік қордан орын алады. М.: Бұғылардың уілдеген 
кернейі үздік-создық тағы естілді. Алдан Тәңірқоймасының алып қара 
жақпары көрінді. Үлкендігі үйдей қара тас найзадай үшкілшыңға 
шаншылып тұр. Үрлеп қалсаң құлап кетердей оқыста әрең тұрған 
тастың ғасырлар бойы табиғаттың небір опатына бел алдырып 
миземеуі таң қалдырар еді. Анау үшкір тастың басына циркші 
таяғының ұшындағы табақтай шаншылып тұруында қандай ғана 
сиқыр, нендей ғажап жұмбақ бар. Бәрі тылсым, осы бітімі сойқан 
тастың дәл түбінде көз жеткісіз терең құз бар. Ең қызығы жалғыз 
аяқ сүрлеу осы Тәңірқоймасының дәл түбінен қасақана өтетін. Мұның 


258
өзі табиғат жаратқанның өз пендесін қияметтің қия жолына салып, 
сынағаны сықылды еді [18,17 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет