285
ҮШТАС – ж.а., Катонқарағай а.о. Үш (сан есім) және тас (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атау құрамындағы екінші
компонент тас сөзі «таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі
бөлшектері» [56,19б.] мағынасын береді. Ал үш саны өңірде орын
алған тастың санын көрсетеді. Өңірде орын алған үш тас атаудың
қалыптасуына негіз болған.
М: Үлкен – үлкен үш тастан тұрады.
Көшкен жұрт осы арада аялдап, демалған[157].
ҮШТЕРЕКТІ – өзен, Алтынбел а.о. Үш (сан есім) және теректі (сын
есім тұлғасындағы сөз) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Яғни
маңайын үш «Теректі» деген жер жайлап жатқандығын сипаттайтын
атау болып табылады.
М: Жоғарғы Теректі, ортаңғы Теректі, төменгі
Теректі үшеуі Нарынға құяды[143].
ҮШТӨБЕ – ауыл, Үлкен Нарын а.о. Ойконим. Тау аты негізінде
қалыптасқан атау.
М1: Жаңадан құрылған Большенарым ауданының
аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің
болыстығы[35,25б.].
М2: «Шағын ғана сол ауылдардың бірі, жеті
өліп, жеті тірілген халқының тағдырын басынан кешкен Үштөбе –
Жәрімбет атаның ауылына келгенде...»[41,175б.].
М3.: Міне солардың
қатарында Черновая орта мектебінің директоры, тегінде ҚазПИ-де
тетелес оқыған жолдас Жұмақан Тоқсанов аудандық оқу бөлімінде
қызметтес болған Айгүл Ақмадиқызы, Марат Толықбаев, Ерболат
Елубаев, В.А.Емельянов, Үлкен-Нарын аудандық партия комитетінің
бұрынғы бірінші хатшысы Евгений Александрович Ретивих, Көктерек
орта мектебінің директоры Нұрбала Сахариева, Ленин атындағы,
колхоздың бұрынғы мал маманы – қазіргі де шару қожалығының
жетекшісі Жиынбол Старшинаев, Үштөбе ауылының бұрынғы
қызыл отау меңгерушісі Түрабек Қойшыбаев, ұстаз-зейнеткер
Нұрқожа Серьянов, Қинаят Сапарғалиев, аудандық мәдениет
бөлімінің бір кездегі меңгерушісі (марқұм) – Нұрлыбек Мәлғаждаров,
майталман беделді де тәжірибелі, ұстаздар - Майра Айтықова,
Шынар Әлхамова, Майра Жиынданова, Үлкен Нарым ауданы Жданов
атындағы колхоздың бас инженері (марқұм) Кәрібала Әзірбаев,
«Қазақстанның 40 жылдығы» совхозының бас прорабы Зейнолда
Әбілекенов, Катонқарағай ауылының тұрғыны, өмірбақи ауылдық,
аудандық Совет атқару комитеттерігің хатшысы қызметін атқарған
Мақұлбек Әлхамов, Жұлдыз орта мектебінің (Үлкен-Нарын ауданы)
бұрынғы директоры, қазір де зейнеткер Камбархан Кәсенов және
басқалар менің басыма төнген «қара бұлтты» ысырып тастауға