Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет297/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   305
 
АЛАҢ – үйлердің, орман-тоғайлардың ортасында пайда болған үсті 
ашық, тегіс жер. Алаңның түркі тілдеріндегі негізгі мағынасы «ашық 
жер, бірыңғай тегістік» дегенді білдіреді.
 
АЛАҢҚАЙ – үйлер мен орман-тоғай араларында орналасқан көлемі 
шағындау, ашық тегіс жер. 
АҢЫЗ – дәнді дақылдарды орап алғаннан кейін егіннің сабақтары 
қалатын егіс орны. 
АПАЙ– төскей бет. 
АПАЙ ТӨС – шөбі шүйгін, бұлағы көп төскей жерлер. 
АПАН – төмен қарай ойылып түскен көлемді, терең шұқыр. 
АТЫЗ – егістік танабын тақта-тақтаға бөліп, жан-жағын су жайылып 
кетпейтіндей етіп көтеріп қоятын жер тілімі. 
АТЫРАП – белгіленген нақтылы шегі жоқ бір аумақты қамтитын 
өңір, аймақ манайындағы жер көлемі. 
АСУ тау жотасының табаны жалпақ, асып өтуге қолайлы жері.
АУДАН – 1. Көлемі белгілі шамамен шектелген ауқымды аумақты 
қамтитын тегістік. 2. ауысп.
 Бір бірлестікке қарайтын елдің, жердің 
әкімшілік- аумақтық жағынан дербестенген бөлігі. 
БАЛҚАШ – үстіңгі бетіне сансыз бұдырмақтар қаптап, асты 
солқылдақ болып жататын қопалы жер бедері. 
БАСТАУ – өзендердің басы болып саналатын бұлақ, тұма суларының 
жер болып жататын қопалы жер бедері. 
БАУРАЙ – тау бөктері, биік төбелер мен қырат–жоталардың 
жазықпен жалғасқан төменгі тұсы. 


327
БЕЛ – онша биік емес жондар мен қырат–қырқалардың жадағай 
асуы. 
БЕЛЕС – 1. Жота–жондарда болатын, онша биік емес жадағай су. 
2. ауысп. Бір нәрсенің жолына кедергі болатын бөгет, тосқауыл. 
БЕТ – тау жотасының табаннан биікке қарай көлбей көтерілетін 
екі не төрт жағы. 
БЕТКЕЙ – тау жотасының, төбе-шоқының маңдай алдында еңіске 
қарай ылдилайтын қапталы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет