Катон-Верстка-01. indd


ГЛОССАРИЙ Антропотопоним -



Pdf көрінісі
бет296/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305
ГЛОССАРИЙ
Антропотопоним - топонимнiң түрi; кісі атына байланысты атаулар.
Гидроним - топонимнiң түрi; су объектiлерiнiң атаулары.
Дромоним – жол атаулары.
Короним - топонимнiң түрi; әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң 
атаулары. 
Зооним - жануарлар мен хайуанаттар атаулары.
Некроним – жерлеу орындарының (зират, мола, бейіт, оба) атаулары.
Ойконим - топонимнiң түрi; елдi-мекендердiң (ауыл, кент, қала) 
атаулары.
Ороним - топонимнiң түрi; таудың, қыраттың, шоқының атаулары.
Сұхбат – ауызша пікіртерім арқылы ақпарат жинау үшін 
қолданылатын әңгімелесу, сөйлесу.
Топожүйе – жер-су атауларының тұрақты бірлестігінен құралған 
жиынтық қосылыс.
Топоним - географиялық атаулар.
Түр – түс – адамның тану әрекетімен, мәдениетімен, сол халықтың 
өзімен байланысты ұғым.
Фитоним - өсiмдiктердiң атаулары.
Хабарламашы – әр алуан тақырыптарға байланысты ақпарат, 
мәлімет беретін адам.
Шежіре – тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын 
баяндайтын тармағы. Тарихи жылнама, дерекнама, тарих.
Этнотопоним - топонимнiң түрi; халықтың, ұлттың, ру- тайпаның 
атаулары.


326
ЖЕР БЕДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ 
СИПАТТАМАСЫ
 
АДЫР – 1. Деңгейі біркелкі аласа төбелерден құралып, бір-бірімен 
бас-аяғы жоқ, шым-шытырық жалғасып барып, тау жоталарының 
даламен шектескен жиектерін көмкеріп жататын ойлы- қырлы, жыра- 
жылғалы жер бедері. 2. ауысп. Жақындап кетсе болғаны дүңк ете түсетін 
дөрекі мінез көрсетіп, екіленіп сөйлейтін ожар адам жайлы. Тегінде 
бұл – адам қасиетін жер бетінің ойқы – шойқы болып келетін сыртқы 
көріністеріне ұқсастырудан туған ұғым болса керек.
 
АЙРЫҚ – бір текті болып жататын жер бедерінің басқа бір түрге 
ауысатын немесе ондаған өзен-сулар мен жолдардың екіге бөлінетін 
тұсын нұсқайтын атау. Мыс.: Біздің үй Қарақатынның құйында, 
Құмөзектің айрығында отырады, оған Шылбыр асып баратынбыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет