Катон-Верстка-01. indd


КЕР – тау сілеміндегі қыр, қырқа, қыраттардың бір жақ бетіне не  бөктеріне қарама –қарсы біткен екінші қыр, қыраттың қапталы.  КЕРІШ



Pdf көрінісі
бет300/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КЕР – тау сілеміндегі қыр, қырқа, қыраттардың бір жақ бетіне не 
бөктеріне қарама –қарсы біткен екінші қыр, қыраттың қапталы. 
КЕРІШ – топырақ, құмы қатып қалған жер қыртысы. 
ҚАБАҚ – 1. Адам бетінің қас пен көз аралығындағы жері; 2. Жар 
мен жыраның тік түскен бетінің үстіңгі жиегіне жақын жері. 
ҚАҒЫЛ – Тау бетінің жел қақты болып қар жата бермейтін күнгей 
жағы. Қойды қағылда жаю керек. 
ҚАҒЫР – 1. Топырағының беті қасаңданып, шеген боп қатып қалған 
жер; 2.Әбден кірге батып, икемге келмей қақайып қалған, қаудырлақ: 
мысалы, қағыр боп қалған қайқы бас пима. 
ҚАПТАЛ – тау жотасының тегістеу жермен түйіскен тұсынан сәл 
жоғарылау деңгейде болатын қия бет. 
ҚАПШАҒАЙ – ұзыннан –ұзақ біраз жерге дейін созылып жататын 
аласа шоқылар, қырат – қырқалар арасында болатын ені тар, тасты 
шатқал. 
ҚАРҚАРА – сәукеледей шошайып, алыстан көрінетін таудың биік 
жотасы, шоқысы. 
ҚАШАР - Қазақ халқының көшпелі тіршілігінде қысқы мекен 
ретінде пайдаланылған орын атауы. «Қашар» сөзі «мал қамайтын қора» 
мағынасында қолданылған.
ҚИЯ – таудың, шоқының, төбенің жоғары қарай тік біткен беті; 
ол әдетте, мал жайылымына жарамайтын, көбіне тас жанасты, жар 
қабақты болып келеді. 
ҚОБЫ – бітімі астау тәріздес сопақша болып келетін, жан – жағы 
жарлауыт, табаны құрғақ ойпаң жер. 
ҚОЙНАУ – екі жақ беті биіктеу келіп, орта тұсы біраз жерге дейін 
созылып жататын табаны жазық, ені тар алап. 
ҚОЛ – басы бұлақ – бастаулардан, тау суларынан басталатын аумағы 
кішігірім өзен және оның аңғарындағы алап. 
ҚОЛАТ – тау ішіндегі екі жонның аралығындағы ұзынша келген 
ені тар аңғар. Мыс.: Әне бір қолатта боран астында қалғанын, мына 
бір жықпылда жыңғыл тұтатып жан шақырғанын есіне алды...(«СҚ», 
8.01.1976 ж.). 
ҚОЛТЫҚ – мұхит, теңіз, көл суларының құрлыққа қарай жіңішкерек 
еніп тұратын жері. 
ҚОПА – үстіңгі қабаты қураған шөптердің шіріндісінен құрылып, 
қоға, қамыс, құрсақ қау болып өскен бос топырақты жер. 


330
ҚОРҒАН – 1. Ерте замандарда дала төсінде көтерілген көне бейіт 
үстіне аумақты етіп, биіктетіп үйілген тас–топырақ үйіндісі; 2. Бір 
нысан төңірегін айналдыра тұрғызған көлемді қоршау, соқпа дуал, 
биік қабырға. 
ҚОРЫМ – 1. Тау беткейлеріндегі жар қабақтардан үгіліп ылдиға 
қарай сусып түскен қырлы майда тастардың көлемді үйіндісі; 2. 
Дүниеден өткен адамдардың сүйегі қойылған қалың бейіт түскен жер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет