Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет298/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   305
БОЗАҢ – соқа түрені түспеген тың дала. Аспандағы бозторғай, 
Бозаңда болар ұясы, Бозаңның түбін су алса, Қайғыда болар анасы 
(Махамбет). 
БӨКТЕР – тау жоталары етегінің төмендеп келіп жазыққа айналған 
тұсы. 
БҰДЫР – тегіс жер үстінде пайда болған бұжыр–бұжыр шоқалар. 
БҰЙРАТ – ойлы – қырлы, бел – белесті, жыра – жылғалы болып 
ұзына бойы созылып жататын қырқа. 
БҰЛАҚ – басы бастау–қайнарлардан басталып, сай жылғалар 
бойымен ағып жататын мөлшері шағын су. 
ДӨҢ – жазық үстінен көтеріңкі болып тұратын жер бедері. 
ДӨҢЕС – биіктігі жағынан қырқадан биіктеу болғанымен дөңнен 
аласалау жер бедері. 
ЕҢКУ – тау етегінің төменгі жағының жазықпен жалғасқан 
тұсындағы ойлы– қырлы жер. 
ЕҢІС – биік жоталар мен тау беткейлерінің ылдиға қарай түсе 
берісі; халық өлеңінде: Еніп кеттім еңіске, Қойным талды желіске... 
дейтін жолдар бар. 
ЕРЕН – бұл сөздің ертеректегі мәні – «үйдің 
қабырғасы тәрізді тік, биік». Қазақтар бұрынғы кезде Алатау жоталарын 
Еренқабырға деп атап келсе, қытайлар Тянь – Шань (аспау тау) түрінде 
айтқан. 
ЕТЕК – биік жоталар мен тау беткейлерінің төмендеп келіп, 
жазықпен тұтасқан кемеріндегі алап. 
ЖАЗЫҚ – көз жететін жерге дейін мидай тегіс болып жататын 
кедір – бұдыр кең алқап. 
ЖАЙЛАУ – малды ауылдың әдеттегі (қыстау, күзеу кезеңдегі) 
ауылдарынан алыстау жердегі малдың жайылымына, малшылардың 
тынығып, демалуына қолайлы шөбі шүйгін, суы мол тау алқабы, 
орманды жазық далада малшылардың жаз жайлауы, әдетте, дала 
төскейінде, не таулы аймақтарда болғандықтан, олар мұнда қыстан 


328
қалтырап шығып, көктеуге тәлтіректеп жеткен малдың таза ауада емін 
– еркін оттап, қоң алуына барлық жағдайлар жасауға тырысады. Қыс 
пен көктемдегі түрлері қарбалас әрекеттерден малшының да қолы қалт 
етіп, аздап тыныс алуға мүмкіндік туады. 
Жер бедері мен табиғаттың ерекшелігіне қарай жайлаудың бірінеше 
түрлері бар: кер жайлау, қан жайлау, ой жайлау, сары жайлау, төр (төре) 
жайлау т.б. Бұл жайлаулар негізінен жылдың төрт маусымына сай келеді. 
Дегенмен халық ұғымында әрбір жайлаудың өз сәні, өзіндік ерекшелігі 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет