Катон-Верстка-01. indd


АҚТАЙЛАҚ – ж.а., Жамбыл а.о. Ақтайлақ оқиғасына қатысты  қойылған атау немесе кісі атына қатысты қойылған атау болуы мүмкін  [120].  АҚТАС



Pdf көрінісі
бет30/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   305
АҚТАЙЛАҚ – ж.а., Жамбыл а.о. Ақтайлақ оқиғасына қатысты 
қойылған атау немесе кісі атына қатысты қойылған атау болуы мүмкін 
[120]. 
АҚТАС – ж.а., Катонкарағай а.о. Бұл жердегі ат қоюға негізгі белгі 
ретінде тастың ақшыл болып көрінетін түсі алынған. М.: Күбіркеден 
өрлегенде Ақтас орналасқан[132].
АҚТАС –ж.а., Өрел а.о. Жергілікті тұрғындарының айтуы бойынша 
тасты, тастақтау жер. Тасының түрі ақшыл болып келетіндіктен сол 
жердің атауы болып қалыптасқан. М.: Жалқарағайдан кейін тұр. 
Тастары үлкен. Ақшылтым, ақ болып келеді[100].
АҚТАСТЫ – жайлау, Белқарағай а.о. Бұл өлке таулы жер 
болғандықтан тасты да болады, ақшыл түсті тасы көп деген мағынада 
тұр[135]. М.1: Ақтасты – ел қонысы Шабанбайдың аты[35,43б.]. М.2: 
Кезінде бұл өңір әр атаның қысқы қонысы ғана болған. Қыс тебіні, жаз 
жайлауы Алтайдың күнгей бетіндегі Құзғынды мен Жайдақ, Бұқтырма 
мен Қатынсудың арасындағы Ақтасты мен Шабанбай еді[170,104б.].
АҚТАУ –тау, Солоновка а.о. Таудың басында қысы-жазы қар 
жатса, болмаса тау жынысы құрамында әк болса, 
Ақтау деген ат 
қойылады[123]. М.: Барған сайын өзгеріп бара жатқан ауа райы, аң-
құстың азаюы, Ақшоқыдан ағатын сел, жердің сілкінуі; Ақтаудың 
теріскейіндегі жүз жылдық ағаштың бір-ақ жылда қурап қалуы; 
қайта-қайта бықси беретін өрт, күн сайын трактормен сүйрелеп 
әкетіп жатқан қарағай... Соңғы кезде ала жаздай жаңбыр жаумайтын 
болды[18,86 б.]. 
АҚТОМАР – ж.а., Катонқарағай а.о. Жерге атау қою кезінде белгі 
ретінде томар алынған. Түп-түп боп, үсті-үстіне шөп өскен, шалшықты, 
қопалы, тайыз шалшықты көлшікті жерді томарлы жер дейді[56, 251б.] 
М.: Үлкен Даладан кейінгі жер[132].
АҚТОМАР - жазық жер. Томарлы, сазды жер. М.: Бергі жон[99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет