Катон-Верстка-01. indd


АҚҚАБА – өзен, Коробиха а.о. М1.: Ақжайлау Марқаның көлінің ол  жақ, бұл жағы, Аққаба



Pdf көрінісі
бет27/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АҚҚАБА – өзен, Коробиха а.о. М1.: Ақжайлау Марқаның көлінің ол 
жақ, бұл жағы, Аққаба, Қарақаба, Арасанқаба секілді Қара Ертіске 
арқырап, сарқырап барып қосылатын өзендердің арасындағы алқаптар 
– өр Найманның жайлау, қыстаулары[41,81б.]. М2.: 1884 год. Крестьяне 
«Коробихи, Сенной и других бухтарминских сел подают прошение о 
разрешении им поселиться на реке Ак- Кабе... К середине 1886 года 
на Кабе проживало более «200 душ мужского пола»[167,140с.]. М3.: 
Аққаба, Қарақаба, Қаба, Қаба! Айдының толған қызғыш, шағалаға. 
Ағылып құясыңдар Қара Ертіске. Айналып екі жақты шекараға. 
Аққаба, Қарақаба, Қаба, Қаба! Мөлдіреп қарап ала бағанаға. Баяғы 
бабалардың батырлығы. Дөңкиіп жатқан анау Шағаноба. Ұшығы 
жеткізбейтін іле жіптей, Айтпайын өзен сырын тым ежіктей. Он 
екі Қаба қалай қотарылар. Жосылса Алқабек пен Білезіктей[80,212б.].
 
М4.: Бірақ соңғы кезде Аққаба да бір сарынмен ағатын болып жүр, 
бұрынғыдай тек сыбызғының ғана тар өзегінен шығатын сиқырлы 
әуезінен айрылып, кәдімгі барлық тау өзендері сияқты тынымсыз 
шулайды да жатады [11,185б.].
АҚҚАБА – өзен. Қаба сөзі қалың, ұзын мағыналарын берсе, 
өзеннің ұзын және қалың жынысты тау арасынан өтетіні атауға негіз 
болған. Тарбағатай жайлауының үстінен басталады. Суы мөлдір, 
таза болғандықтан «Аққаба» аталған. Қашқари сөздігінде «қаба – кез 
келген бір жердің көтеріңкі тұсы, биігі» деген мағына береді[61,673б.]. 
Бастауын таудан алатын өзенге берілген атау болса керек. М.: Аққаба, 
Қаба, Арасанқаба үшеуі қосылып, үлкен Қаба болады, Қытайға кіріп, 
қайта Зайсанға келіп құяды[97]; [163].
АҚҚАЙНАР – ауыл, Аққайнар а.о. Суы шымырлап шығып 
жататын бірнеше бастаулы жер болғандықтан қойылған атау. М1: 


55
Ауылда көптеген су көздері, қайнарлар көп болған[116]. М2.: Сол 
албан бабамыздан тараған ұрпақтар өткен ғасырдың екінші 
жартысында Катонқарағай ауданындағы «Аққайнар (Черново)», 
«Аршаты», «Белқарағай», «Өрнек», «Катон» ауылдарында шамамен 
25-30 отбасы болып тіршілік еткен[89,37б.]. М3.: Сваднему обряду 
предшествовало торжественное открытие этнофестиваля «Медовый 
спас», состоявшегося на заимке Климова Аккайнарском сельском 
округе [12, 143с.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет