Катон-Верстка-01. indd


АҚСАЗДЫ – жайлау, Белқарағай а.о. Сазды жердегі балшықтың  түсінің ақшылдығына қатысты айтылған[135]. АҚСАЙ



Pdf көрінісі
бет29/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ақсу
АҚСАЗДЫ – жайлау, Белқарағай а.о. Сазды жердегі балшықтың 
түсінің ақшылдығына қатысты айтылған[135].
АҚСАЙ - теріскей сай. М.: Ылғалға мол болғасын бозарған әсер 
береді, шабындық, ну орманмен көмкерілген[99].
АҚСАРБАЗ – ж.а., Өрел а.о. Баз кеңес өкіметі кезінде жиі 
қолданылған, малға арналған қораның бір түрі. Бұл жерде баздың 
әрлеуіне қатысты не болмаса сол жерде өсетін шөптің құрамы мен 
түсіне байланысты қойылған атау[154].
АҚСУ – ауыл, Катонқарағай а.о. Ақсу өзені ауылдың ортасынан 
ағатын үлкен өзен. Ауыл да сол өзеннің атымен аталған. М1.: Кезінде 
7 ауылды тақпақтап, ұйқастырып айтатын. Соның ішінде Ақсу 
болатын[106]. М2.: Еліңе қайта оралдың Астанадан, Бір-ақ шықтың 
Ақсудың кеңшарынан. Директор боп маралдың қамын ойлап, Ары-
бері мың өттің Бұқтырмадан [42,110б.]. М3.: Бұғы совхозының бір 
бөлімшесіне кірме болып отырған «Ақсу» лесхозының қырық жылда 
динаған дәулеті бір кеңсе, бір гараж, пилорама мен пимокат, жергілікті 
шикізат дайындайтын алты цех, жүз қаралы үйді есептемегенде бір 
шақырымдық жолы бар бір туалетке емініп отырған үш коттедж, 
бір жатақ[171,157б.]. М4.:Бірақ Ақсудың фермасынан көш кейін қалып 
кетіпсіңдер. Көш кейін... [168,108б.].
АҚСУ – өзен, Ақсу а.о. Ақсу өзені Катонқарағай жеріндегі киелі деп 
саналатын өзендердің бірі. Суының тазалығына, түсінің ақшылдығына 
қатысты қойылған атау. М.1: Марал көлінен бастау алады. Бұқтырмаға 
құяды[112]. М.2.: Ақсу мен Бұқтырманың түйіскен жерін «Құйған» деп 
атап кеткен қазақ елі [42,75б.]. М.3.: Жер жаннаты Ақсуды (страна 
Беловодье) іздетіп І- Петр қос өзен – Бұқтырма мен Қатынсудың 
аралығына екі дүркін экспедиция жіберген екен. Ақыры ХVІІІ 
ғасырдың тоқсаныншы жылдары Алтайдың теріскейін айналып, орыс 
келімсектері (кержақтар) Ақсу бойына басып кірді де, 1867 жылы 
Ресей патшасы сол жер жаннатының тең жармысы – Шабанбайды 
жеке меншігім деп жариялап, қызына тарту етті[3,153 б.]. М.4: Ақсу 
Маралды көлден басталады. Маралды Көл қар суы мен жаңбырдан 
жиналған тастай суық тұщы көл. Аққайраңы Ақсуды бөгейді деуші 
еді[170,49б.]. М.5: Төменде терең шатқалдың ішінде Ақсу күндегіңдей 
арқырап-күркірейді. Бұдан өзге аңғарда өктем үн де жоқ -төңірек 
түгел тып-тыныш мүлгіп жатыр еді[11,11б.].
АҚСУДЫҢ ҚАРСЫСЫ – жайлау, Қатонқарағай а.о. Ақсу өзеніне 
қарсы 


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет