Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет35/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АЛТАЙ – орман. Алтай тау жүйесінің бір асуын жергілікті халық 
жалпылама атаумен атап кеткен. М.: Қараманның өз басы Құдайдан да, 
адамнан да Алтай орманының амандығын тілеп, қашан да Жаратқан 
Иесіне іштей жалбарынып-сиынып жүреді [10,99 б.]
АЛТАЙ – совхоз. Катонқарағай ауылының төменгі жағы Алтай жақ 
деп аталынған, совхоз ауылдың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, 
сол ауыл бөлігінің атын иеленген. (Кеңес үкіметі тарағаннан кейін, 
үлес ретінде совхоз мүшелеріне таратылып кеткен.) М.1: 1984 жыл. 
Аудандағы «Алтай» кеңшарының директоры болып істеп жүргенімде 
аудандық партия комитеті мені аудандық ауылшаруашылығы 
басқармасының бастығы лауазымына ұсынып, Алматыдағы Орталық 
партия комитеті мен ауылшаруашылығы министрлігіне бекітуге 
жіберді [40,185б
.]. М.2: Ай толғанын, жігіт болғанын білмейді деген 
емес пе, 1964 жылдың аяғында «Алтай» совхозының маңдай алды 
механизаторы Қазыбек Әбежанов комсомолдық той жасап, Тамараны 
босағасынан аттатты[25,162б.]. М.3: Жаздай жаңбыр жаумай, 
құрғақшылық болып «Алтай» совхозының бүкіл шабындығы ақтаңлағы 
шығып, күйіп кеткен соң сыпыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі 


62
қыстың күні қар қалың түседі, сөйтіп, ылғалы мол сақталатын Хатынь 
өзені жағынан шөп шапқан [22,149б.]. М.4: Осы Алтайға қарасты 
Шабанбай шабындығында ғана шабу мен жинаудың арасында 400 
гектардай алшақтық бар[25,102б.]. 
АЛТАЙ – тау, Үлкеннарын а.о. Алтай топонимінің беретін мән-
мағынасын көптеген ғалымдар түркі-моңғол тілдеріне ортақ алтын 
(түсті металл аты) сөзімен байланыстырып, топоним түркі. алтын 
// моңғ. алт сөзінен + моңғ. -тай «бір нәрсенің мол екенін, бар 
екенін» көрсететін қосымшадан тұрады деп санайды. В.А.Казакевич 
моңғол тілінде Алтай географиялық атауы сыртында, «хангаймен 
салыстырғанда шалғын шөбі аздау, үнемі қатты суық және сызды 
болып келетін, қарлы шыңдары, қырқа, қыраттары, биік аңғарлары 
көп таулы өңір» деген мағынада қолданылатын алтай географиялық 
термині де бар екенін айтады [39,8б.]. Ал Л.Н.Гумилев алтай сөзі 
жалпыхалықтық қолданыста ру-тайпалық көзқарастар жүйесіне 
жетелейтінін айтады: «Түркілер мен моңғолдардың санасына әрбір 
рудың өз «алтайы» болады деген ұғым берік орныққан. Бұл тауларға, 
өзен-көлдерге немесе олардың рухына табыну емес. Табиғатқа 
бейне, кескін дарытатын кейіптеу де емес, мұнда табиғатты тірілту, 
жандандыру орын алады. Ол анимистикалық дүниетанымның аниматизм 
деп аталатын ең қарапайым формасы. Мұнда шатқалдарды (тауды) 
құрмет тұту мен рулық меншік арасындағы байланыс, рудың табынатын 
киесі мен тірлік-тіршілігінің тоғысымы байқалады» [27,79б.]. Демек, 
Алтай топонимінің семантикалық өрісіне «алтынды» деген мағынадағы 
алтай аппеллятивінің топонегіздік және атау деңгейіндегі мағыналары 
да, тұрақтанған Алтай топонимінің деонимизацияға ұшыруынан 
пайда болған алтай халықтық географиялық термині және оның 
ру-тайпалық дүниетаныммен ұштастырылатын мән-мағынасы да 
енеді [81,42б.]. М.1: Өңірдегі Қалба тауларын халық жалпақ тілмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет