61
АЛПЫСТЫҢ КӨҢІ – жұрт. Катонқарағай ауданы жұртшылығы
өзінің жайлаған қонысын, көбінесе, «көң» деп атайтын болғандықтан,
бұл жер де сол үрдіспен «Алпыстың көңі» аталған. Қатонқарағай а.о.
Антропотопоним.
М.: Қаражердегі бұлақ атауы. Сол жерде мал баққан
адам есіміне байланысты қалған атау[133].
АЛТАЙ – асу. Катонқарағай а.о.
Алтай тау жүйесінің бір асуын
жергілікті халық жалпылама атаумен атап кеткен.
М.: Олар жыл сайын
Алтай асуындағы ақ қардың көбесі сөгіле шұбырып жететін[10,83б.].
АЛТАЙ – қыстау, Үлкеннарын а.о.
Қыстау
Алтай тауының
бауырында орналасқандықтан, жалпы тау жүйесінің атауымен аталып
кеткен [136].
М.: Кейде толған айдың жаһұт нұрына еркелей жусап
жатқан мың миллион түз тағысы жер қайысқан қалың қолды
елестетер, сонсоң таң сарғая тау жазирасын қақ жарып, жұбын
жазбастан өрер: өре түрегеліп, өре жөнелген Алтай еркелері ағаш-
ағаштың, шоқы-шоқының басына байланып тұрған ақша бұлттарға
сіңіп, мәңгілік көзден ғайып болардай еді[21,16б.].
М2.: Айқай, дүние-
ай! Сол жылы да дәл осындай қалың қар жауған... Алтай қыстағында
жабағы-тай бағып үш жігіт жатты[23,101б.].
М3.: Анау Алтай
қыстауындағы екі жүз жабағы тігерге тұяқ болмай қырылып қала
ма деп шошынамын[17,133б.].
Достарыңызбен бөлісу: