Катон-Верстка-01. indd


БАЙКЕРЕЙ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Байкерей деген  жұрт тұрған[100]. БАЙКӨБЕК



Pdf көрінісі
бет49/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   305
БАЙКЕРЕЙ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Байкерей деген 
жұрт тұрған[100].
БАЙКӨБЕК – ауыл, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Мойнақтан 
желе-жортып түскен екі аттыны көргенде Байкөбек ауылы іргесін 
жел көтергендей үрпиісіп, ошақ басындағы қатын-қалаш, ойын 
баласына дейін тысқа өре шықты[170,22б.].
БАЙКІСІ СЫРТЫ – ж.а., Өрел а.о. Екі төбенің артқы жағы жазық, 
сол жазықтың бір жағында отырған адам есімімен аталып кеткен жер 
атауы [154].
БАЙНАУА – ж.а. 1-н: «Жері байдың – елі бай» дейді қазақ. Жер 
құнарлы болса, тұрпаты науаға келетін болса; 2-н: кісі атына қойылуы 
мүмкін[164].
БАЙПАҚ – ж.а., Өрел а.о. Бұл жерде жердің аты: 1-н: жер тұрпаты 
байпаққа ұқсас болғандықтан; 2-н: кісі атына қатысты қойылуы мүмкін. 
М.: Тасдіңгектен ары қарай орналасқан[100].
БАЙТЕЛЕС – асу, Жамбыл а.о. Антропотопоним. М.: Маралды 
мен Жамбылдың екі ортасында. Айылтартардың ар жағында [105]. 
БАЙТЕЛЕС - көл, Өрел а.о.Антропотопоним. М.: Бұрын көл болған. 
Қазір жұрнағы ғана қалған. Өрелге кіре беріс тұста [131].
БАЙТОРЫ –жайлау, Берел а.о. Антропотопоним[101].
БАЙУАҚ – сай, Алтынбел а.о. Этнотопоним. М.: Уақ тайпасының 
бір тармағына қатысты атау [151].
БАЙЫРМАН – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. М.: 
Терісбұлақ маңайында орналасқан. Сартақтайдан кейін орналасқан[98].
БАҚАБАЙ – табиғи қорым, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: 
Текше тауының ар жағында орналасқан, тастар көп құлаған. Мүмкін 
кісінің аты [124]
БАҚАНАС – асу, Өрел а.о. Бұл жерде бірнеше аласалау, жуандау 
бөртектер ішіндегі асу мағынасында және қысқа, келте, шағын бұлақтары 
бар жер мағынасында тұр. М.: Өрелге жете берген тұста. Арғы бетіне 
шыққанда бөлек-бөлек жоталар. Қарабұта, мүк өскен[131]. 


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет