Катон-Верстка-01. indd


БИДАН – жайылым, Жамбыл а.о. Антропотопоним. Адамның  лақап атына байланысты қалыптасуы мүмкін[120]. БИЕБАЙЛАР



Pdf көрінісі
бет63/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 БИДАН – жайылым, Жамбыл а.о. Антропотопоним. Адамның 
лақап атына байланысты қалыптасуы мүмкін[120].
БИЕБАЙЛАР – жайлау, Берел а.о. Жазда бие сауатын жер 
болғандықтан қойылған атау. Мұндағы «биебайлар» сөзі «бие байлады» 
тіркесімен мағыналас. М.1. Бие байлады – қымыз ашыту үшін желіге 
құлын байлап, бие сауды [45,340 б.]; [101].
БЛИЖНИЙ НАРЫМ – тау, Солоновка а.о. Ауыл тұсына жақын 
орналасуына байланысты аталған атау болса керек. «Ближний» деген 
орыс тілі сөзімен жасалған. М.: Ғылыми атауы Нарынский хребет. 
Үлкен Нарын ауылындағы тұс. Щекадан бастау алады[123].
БОЗТАЛ – ж.а., Өрел а.о. Бозарып көрініп тұратын көп талдары 
және талдың бір түрі болғандықтан осылай аталса керек. М.1. Жан 
торсыққа сусын құйып алып, Бозталдан шөп шап [19,336б.]
М. 2. 
Әкеңнің атына міне сал да, сиырды болжа. Бозтал жақта екі-үш қара 
жайылып жүр екен [20,106б.]. М.3. Бозталдың кейкеңімен сыпыра 
аяңдап етекте жатқан тоғайдың үстіне қарап келе жатқанымда 
алдымдағы сайлаудан жылт етіп әуелі шошайған бөрік көрініп, 
артынша-ақ Тоқаның басы шықты [20,106б.]. М.4. Бозталдан шөбімді 
жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғыңа бас ұрғанда төгіп-
шашып әрең әкелмеп пе еді, ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, 
шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактормен сүзіп қораның 
қанатын құлатып кеткен [20,204б.]. М.: Мына зираттар тұрған жерді 
Бозтал деп атайды. Ертеректе көп тал болған дейді [108].
БОҚПАТАУ – жайлау, Аққайнар а.о. Көзге бірден түсіп көріне 
қоймайтын жер болғандықтан осылай аталса керек. Мұндағы Боқпа 
/ бұқпа болып дыбыстық өзгеріске түскен сөз – көзге түспейтін 
қалтарысты жер жасырынуға ыңғайлы орын, таса мағынасын береді 
[123,672 б.];[155].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет