Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет76/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ДЕМБЕЛЬСКИЙ КАМЕНЬ – ж.а., Өрел а.о. Дембель тасы 
деген тіркес ретінде берілген атау орыс тілі сөздері арқылы жасалған. 
М.: То же касается огромного отпечатка человеческой ладони на 
«Дембельском камне» по дороге на Чиндагатайскую погранзаставу 
[12, 52с.].
ДЕНЕМИТ / ДИНАМИТ – ж.а., Өрел а.о. Жарылатын қопарғыш 
затты пайдалануға байланысты қалыптасқан атау. Денемит/ Динамит 
– құрамында нитроглицерині бар, жарылып атылатын қопарғыш 
зат [46, 676б.]. М.: Диномитпен жарып, құрылыс салуға байланысты 
қалған атау[118].
ДЕРЕЛ – ж.а., Катонқарағай а.о. Дере түбірі арна, аңғар мағынасын 
білдіреді [46,645б.]. –л қосымша ретінде түсіндіріліп отыр [130].
ДЕРЕН – ж.а., Катонқарағай а.о. Мекеннің белгілі бір қашықтықта 
орналасу аралығын білдіретін атау. Мұндағы Дерен сөзінің түбірі «дере» 
ретінде алынып отыр. Дере – белгілі бір мерзім, аралық, мөлшер [46, 
645б.]. – н қосымша ретінде түсіндіріліп отыр. М.: Бөртек жотасының 
ар жағын Дерен дейді [132].
ДОҒАЛАҚ – ж.а., Өрел а.о. Ретсіз орналасқан деген мағынаны 
білдіреді. Доғалақ сөзі – қалай болса солай, ебедейсіз жасала салған 
[46, 693б.]. [118].
ДОЙКА – совхоз, Үлкеннарын а.о. Кеңес уақыты кезінде арнайы 
сиыр сауып, сүтін мемлекетке өткізіп отыратын орындар болған. Сондай 
орындардың көбі «Дойка» деп аталған. М.: Балықты өзенінің бойында 
орналасқан[136].
ДОМАЛАҚТАС – тас, Жамбыл а.о. Домалақ (сын есім) және тас 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде тас сөзі – таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі 
бөлшектері [56,19 б.] деп сипатталады. Яғни, өңірдегі тастардың пішіні 
домалақ болып келуіне байланысты қалыптасқан атау [120].
ДОҢҒАЛ – шың, Белқарағай а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты 
қойылған атау. Доңғал – онша биік емес, дөңес жер [46, 745б.]; [147].


100
ДОШАНАРАЛЫ – арал, Жамбыл а.о. Кісі есіміне байланысты 
қойылған атау. «Арал» сөзі – жан-жағы сумен қоршалған шағын құрлық 
деген мағынаны білдіріп [43,582б.], кісі есімімен байланыстырыла 
берілген [120].
ДӨҢГЕЛЕК – ж.а., Өрел а.о. Жер аумағының сұлбасының 
формасына қатысты қойылуы мүмкін. М.: Дөңгелек Кішідөңгелек, 
Үлкендөңгелек деп бөлінеді. Адам есіміне байланысты болуы керек [100].
ДӨҢГЕЛЕК – жайлау, Өрел а.о. Дөңгелене келуіне байланысты, 
жердің ерекшелігіне орай қойған болуы керек. М.: Жердің ыңғайына 
байланысты қойылған атау [118].
ДӨҢГЕЛЕК САЗ – саз, Өрел а.о. Дөңгелек, әрі сазды жер болуына 
байланысты қойылған атау. М.: Формасына байланысты болуы 
қойылған. [109].
ДӨҢГЕЛЕК ТОҒАЙ– ж.а., Өрел а.о. Сыртынан қарағанда тоғайдың 
дөңгелек болып келу пішініне байланысты болса керек. М.:Қалың тоғай 
дөңгеленіп, орналасуына байланысты болуы мүмкін [158].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет