107
ЖАЛАҢАШБЕТ – қырат, Берел а.о. «Жалаңаш» және «бет»
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Тау беткейінде ағаш, бұта
өспесе, тасты, жартасты болса, қойылатын атау.
М.2. Шаянбайдың
«Жалаңашбет» аталатын түстік жақ қыратында жылан көп
дегендері рас боп шықты. Қорым тастардың әр тұсында күнге
қыздырынып, жыбырлаған жыландарды біз де көрдік [6, 65б.].
ЖАЛБЫЗДЫ – бұлақ, Өрел а.о.
Жалбыз көп өсетін жер
болғандықтан қойылған атау.
Мұндағы «Жалбыз» сөзі – сыздауыт
жерлерде өсетін хош иісті өсімдік мағынасын береді [6, 639б.]. -ды
қосымшасы үстеме мағынаны білдіреді.
М.2. Жанғалидың Жалбызды
бұлағының дәл түбінен совхоз осы күзде «кәрелен күпке» салып
тастаған болатын [8,319б.].
М.3. Мұқыр ауылының терістік тұсында
жылап аққан жалғыз бұлақ бар. Ол бұлақты мұқырлықтар бүгінде
«Жалбызды бұлақ» деп атасады. Кейбіреулер оны «Жанғалидың
бұлағы» деп те айтып жүр. Ал, турасында ол бұлақтың ежелгі
аты – «Әулиебұлақ» деседі. Ертеректе, мынау іргедегі Мұқыр ғана
емес, төмендегі Аршаты мен Өрелдің елі де осы бұлақты әулие
тұтып, зиярат қылып, басына түнеп кетеді екен. Баяғыда осы
бұлақтың қайнарында мыңжылдық мәуелі балғарағай ағашы болған
екен. Бұлаққа келушілер оның салбыраған бұтақтарына арулап
ақ байлап, балқарағайды да қасиет тұтқан көрінеді. Жарықтық,
ол балөқарағай бүгінде атымен жоқ: ескіліктің сарқыншағымен
күрескен отызыншы жылдардың жалын жүрек жастары отынға
кесіп әкетіпті [8, 129б.].
Достарыңызбен бөлісу: