101
қолданылды [47,621б.]. Демек, белгілі бір жердегі топтасып өскен
қарағайларды адамның атына сай меншіктеу мағынасында қолданып
түр деуге болады.
М.: Дүкен Әбдікәрім деген болыстың ағасы болған
[152].
ДҮҢГІР - жайлау, Қатын өзенінің бойында, Дүңгір жайлауында сол
жердің табиғи ерекшелігіне қатысты жаңғырық әсері тұратындықтан
аталған.
М.: Әрі қарай Берел жайлаулары жалғасады[99].
ДІЛКЕ БҰЛАҒЫ – бұлақ, Қатонқарағай а.о. Адам есімімен
байланысты қойылған атау.
М.: Қаражердегі бұлақ атауы. Сол жерде
мал баққан адам есіміне байланысты қалған атау [133].
ДІҢГЕК – жайлау, Аққайнар а.о. Діңгекке ұқсайтын талдың
болуына байланысты қойылған атау.
Мұндағы «діңгек» сөзі – жерге
қазып орнатылған бағана, тіреу [51,119б.].
М.2. Ол кезде біз анау
көрінген Түйіскен мен Діңгекті, Науа мен Жалқарағайды, төбемізден
төнген мынау Жаңғызтаудың сыртын жайлайды екенбіз [6,52б.].
М.:
Маралкөлдің жанында жалғыз тау тұр. Ол тал діңгекке ұқсайды [152].
Достарыңызбен бөлісу: