ЕРКЕТАЙ ҚИЯСЫ – ж.а., Алтынбел а.о. Адам есіміне байланысты
қойылған атау. Мұндағы «қия» сөзі «құлама жар» мағынасын береді
[51,597 б.]. М.: Шақа руынан шыққан Еркетай деген адамының есімін қойған [137].
ЕРТІС – өзен, Берел а.о. Ең ірі өзендердің бірі. Өзен атауының
қалыптасуы туралы мәліметтер өте көптеп кездеседі. Солардың
бірнешеуін ұсынып отырмыз: 1-н.: Ертіс және Қатын (Катунь) Ертіс...
орысша нұсқасы: Иртыш... Түрік тілінен аударғанда: артыш- асу,
асып кету.. [167,101б.].2-н.: Моңғол Алтайынан Қу Ертіс, Бала Ертіс,
Қара Ертіс деген аттармен басталып ағады. Ертіс атауы өте ерте
кезде жасалғандықтан, мағынасы әлі толық ашылмай отыр. Біздің
жорамалдаумыз бойынша, көне түркі тіліндегі ерт + сіз тұлғаларынан
жасалып, «өткелсіз» деген мағына беретін сияқты. Өйткені, құрлықты
көлденең кесіп ағатындықтан, оны кешіп өту мәселе туғызып отырған.
М. Қашқари дәл осыған меңзейді [15,129 б.]. 3-н.: Топономика
ғылымында өзен-су аттары (гидронимдер) ең алғаш пайда болған
көне атауларға жатқызылады, себебі адам өмірінде өзен-судың алатын
орны ерекше екені ескертіледі (К.Мэтьюс). «Ертіс» өзен атауы ретінде
бірінші рет «Күлтегін» ескерткішінде кездеседі: «Ол йылқа түргіс тапа
Алтун йыншық тоға, Ертіс үгүзіг кече йорыдымыз». Орта ғасырда
М.Қашқари сөздігінде толығырақ сөз болады: «Ертіш Иемек (Қимақ-
Б.Б) даласындағы бір өзеннің аты. Бірнеше тармақтық бұл дария сол
жердегі бір көлге құяды. Бұл дарияны «Ертіс суы» дейді. Бұл судан
өтерде «Кім тез өтеді?» деген мағынада қолданылған Ертіш-Ертіс
сөзінен алынған»[15,67б.].М.1:Алтайдан құс бұрым болып ағып шығып, мұхитқа бірігіп құятын алып өзен [76,41б.]. М.2. Ертіс – Ер түбірлі өзен. Бастауын Өр Алтайдан, Найрамталдан алып, қазақтың мұхитқа құяр дарабоз өзені [76, 41 б.]. М.5. Асау Ертістей тасыған, Жалғанды жарып өткім келеді, Халқымды сипап басынан, Тірлігін жарық еткім келеді [29,8б.]. М.3. Ойраттар қыс ішінде Ертістен өтіп, қазақ жеріне басып кірді. Жолдан шеткері Алтайдың күнгей қойнауларын, Сарымсақты, Ертістің асау салаларын жайлаған рулар бодан болып қалды [2,145б.].