117
ауылдың тарихы әріде – қырық жылдың қатпарында. Қанаттас
ауыл Көктеректен әлдеқайда бұрын қоныс теуіп, ол жаңа-жаңа қаз
басып, ірге көтергенде дүрілдеп тұрған Жұлдыз бұл [25,112б.].
М.3:
Осы «Жұлдыз» ауыл советіне айтып сөз өтпеді, - деп міңгірледі. Бірде
келсең отын-суы жоқ. Баспананың сиқы мынау, алқам-салқамы шығып
тұрғаны [169,268б.].
М.4: – Ана, Жұлдыздағы Қабидолда бар емес пе,
соған бір қойға айырбастап, қағып түстім, – дейді Қайсекең ағынан
жарылып [8,245б.].
М.5:. Жамағайын, немере апа-сіңлілері көп болған,
ұрпақтары қәзір де Балғын мен Жұлдызда баршылық [170,167 б.].
М.6: Совет өкіметі орнағаннан кейін қалыптасқан ауыл. Бұрын 7-ші
ауыл деп аталған. Қазіргі таңда 30-шақты үй бар [129].
М.7: Жұлдыз
деген жұлдыз сияқты шашырап орналасқан, үйлерден құралған ауылға
берілген атау [153].
ЖҰМАҒҰЛСАЙ – шабындық, Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
ЖҰМСАҚ – Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне, топырағына байланысты
қойылған атау болса керек.
ЖҮГІР – ж.а., Белқарағай а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты
қойылған атау.
ЖҮНІС ЖҰРТЫ – ж.а., Аққайнар а.о. Кісі атына байланысты
қойылған атау [96].
ЖҮРЕК – ж.а., Өрел а.о. Жүрек сияқты болып келгендіктен қойылған
атау.
М.: Бұқтырманың сол жағы [100].
ЖЫЛАНСАЙ – сай. Жыланды сай мағынасында тұр[149]
.
ЖЫЛАНТАУ – Берел а.о. Тау сұлбасын жылан жәндігіне ұқсатудан
туындаған атау болуы мүмкін [149]
Достарыңызбен бөлісу: