Катон-Верстка-01. indd


ИТӨЛГЕН – өзен, Жамбыл а.о. Өтуге қиын өзен мағынасында  қолданылған атау [120]. ИЫҚЖҰРТ



Pdf көрінісі
бет101/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   305
ИТӨЛГЕН – өзен, Жамбыл а.о. Өтуге қиын өзен мағынасында 
қолданылған атау [120].
ИЫҚЖҰРТ – жайлау, Аққайнар а.о. Аталған жердегі нысанның 
басынан сәл төменгі тұсында орналасқан жайлау мағынасында тұр. 
М.: Көбей жайлауынан кейін орналасқан [124].


121
ИЫҚЖҰРТ – үлкен жазық, Аққайнар а.о. Жер жағдайына 
байланысты қойылған атау. Биіктеу жерге орналасқан жұрт мағынасын 
береді. М.1. Иық – ауысп. бір нәрсенің жотасы, қыры, биіктеу жері 
[49, 393 б.]. М.2. Жұрт сөзі – ел-жұрт мағынасында қолданылады 
[48, 539 б.]. 
ИЫҚТЫ – тау, Шоқтығы биік болып көрінетін тау болғандықтан 
қолданылған атау [166, 133 б.]. 
ИІРБҰЛАҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Иіріліп келген бұлақ 
болғандықтан қойылған атау. М.: Ақжар тауында орналасқан [157]. 
КАЗНУШКА – қыстау, Берел а.о. Орыс сөзінен жасалған атау. М.: 
Берел маңындағы қыстақ [101].
КАЛИНИН – ауыл, Солдатова а.о. Антропотопоним. М. 1. Мен 
1987-1999 жылдары Үлкен Нарын ауданының Калинин колхозында 
бастық болып жүргенде аудандық ауылшаруашылық басқармасы 1988 
жылы егін орағы кезінде «Ленин» атындағы колхозда семинар өткізді 
[89,51б.]. [127];[120]. 
КАМЕНУШКА – ж.а., Өрел а.о. Орыс сөзінен жасалған атау. М.: 
Өрелге кіре беріс тұста [131]. 
КАРДОН – ж.а., Өрел а.о. Орыс сөзінен жасалған атау. М.: 
Төлеңгіттен төмен қарай. Бұрындары үй болған. Содан Кардон аталып 
кеткен [100]. 
КАТОН – ауыл. Катон – «қотан» деген сөз бір аймақты білдіретін 
болғандықтан қойылған атау делінеді. М.1: Катонқарағай ауданы 
тарихындағы елеулі кезендерінің бірі – 1792 жылдың жазда болды. 
Мұнда ақ патшаның бұйырғы бойынша Алтай және Өрел сияқты 
казактардың станицалары құрылды. Осы жылы Алтай станицасының 
жанынан Ресейден келген жерге қоныстанушылардың Катон 
поселкасы орнайды [35, 21б.]. М. 2: Ол кезде, немене, жиырма бес 
шақырым жердегі аудан орталығы Катонға қатынар көлік жоқ, 
жолаушы шыққан адам дорбасын арқалап жаяу тартатын [17,26б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет