Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет94/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЖИРЕНБАЙТАЛ – өзен, Катонқарағай а.о. Қызғылт сары түсті 
болып жататындықтан қолданылған атау болса керек[163];[107].
ЖИРЕНАТӨЛГЕН - жайлау, жазық жер. Жирен ат оқиғасына 
қатысты қойылған атау. М.: бұлақтардың бойында, құрғақшылық 
жылдары шабындық, (ит тұмсығы батпайтын ормандармен 
көмкерілген), қазір Ресейге өтіп кеткен жер [99].
ЖОҒАРҒЫЛАГЕРЬ – ж.а., Жамбыл а.о. Жоғарғы жақта мектеп 
оқушыларына арналған демалыс орны орналасқан жер. Лагерь – мектеп 
оқушыларына арналған жазғы арнайы демалыс орны [52,649б.]; [120] .
ЖОҒАРҒЫ МАЙЕМЕР – өзен, Алтынбел а.о. Майемердің жоғарғы 
тұсы мағынасында тұр. М.: Үлкеннарын өзені Жоғарғы Майемерден 
бастау алады [121].
ЖОҒАРЫ БЕРЕЗЕВКА – ауыл, тарихи атау, Катонқарағай а.о. 
Березовка ауылының жоғарғы тұсы мағынасында тұр. М.: Осы мектеп 
туралы Жоғары Березевка ауылында бухгалтер болып істейтін 
Көксеген Мақажанов былай дейді: «Шыңғыстай мектебі 1906 жылы 
салына бастаған еді...» [25,108 б.] .
ЖОЛАР – тау, Қатонқарағай а.о. Таудың ерекшелігіне байланысты 
қойылған атау. М.:Бұқтырмамен шектесіп жатыр [148].
ЖОЛБАРЫССАЙ – сай, Жамбыл а.о. Жолбарыс мекен еткен сай 
мағынасында тұр [149].
 
ЖОЛДЫБАЙ – тау бөктері, Алтынбел а.о. Кісі атымен байланысты 
қойылған атау [151]. 
ЖОСАЛЫ – жайлау, су, Белқарағай а.о. Қызғылт сары түсті бояуға 
еніп жататын, жердің ерекшелігіне байланысты қойылған атау. М.1. 
Жоса  қызғылт сары түсті бояу [48, 497 б.]. -лы зат есімнен қатыстық 
сын есім тудыратын жұрнақ. М.: Жосасы мол жер [103].
ЖӨШКЕСАЙ (Жөшке жайлауы) - сай. Антропотопоним. М.: 
Маралдық саты қоршаулы жер, Тасшоқы баурайында[99].


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет