ИМЕКҚАР – тау, Алтынбел а.о. Қыстан қалған қар, көктем, жаз
кезінде иірілген өзендей көрінетіндіктен қойылған атау. М.: Қыстан қалған қар, көктем-жаз кезінде иірілген өзендей көрінеді [139].
ИРЕК – асу, Өрел а.о. Жол биік тауды бүйірлей отырып
салынғандықтан, (10-11ирек) оннан аса бұрылысы бар иректі жол
болғандықтан, жергілікті халық «Ирек асуы» атап кеткен. М.1: Иректің серпантині – Австриялық тұтқындар салған «Иректің серпантинінде» ел тағдырының куәгері болған із жатыр – қанды із[35, 51б.]
. М.2: Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолға түскен австро-венгриялық тұтқындар қашап салған ирек-ирек тау жолымен заңғар биікке қарай ілби аяңдап, байқап басып, байырқалап қарап, сақ келеді. Бұл жергілікті халық «Ирек» деп атап кеткен Алтайдан арғы бетке асар жалғыз асу болғандықтан, ойдағы-қырдағы мал баққан шаруаның мойнына бұршақ салып тілер жалғыз жолы [21,19б.]. М.3: Шыңғыстай селосының тұсында Марқакөлге асып кететін жол бар. Ол Ирек деп аталады. Жолдың аты оның өзіндік өзгешеленуіне байланысты қойылған. Ирек-ирек етіліп, тауды айнала, жоталарды көлбей салынған. Иректің ұзындығы 15 километр шамасында. Оны 1915- 1916 жылдары Австрия тұтқындары салған [3,79 б.]. М.4: «Ирек» асуынан өтіп Тарбағатайдың үстіне шыққанда бағанадан бері азынап соққан боран сап басылып, әуеде қар ұшқындары ғана қалқи ұшып жүрген [21,85б.]. М.5: Дегенмен осынау құз-жартастар мен алып таулардың омырауын қақ тіліп салған арбажол (машина да еркін жүре алады) бұдан алпыс жыл бұрын, бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында Австро-венгриялық тұтқындар қолынан дүниеге келгені мәлім еді. Жапонмен соғысып қалған патшалық Россия қару-жарақ, ат көлік, солдаттарын осы төте жол арқылы Қытай асып, Қиыр Шығысқа жеткізбек болған. Ал сол бір үлкен құрылысқа жергілікті қазақтар да қатынасқан көрінеді. Бұл күндері сол Ирек деп аталар қазған жолдың жалғыз темір қағылмаған не көпірі, не көк тастан қашалған тұсы омырылып кетсе бүгінгі жойқын техникасыбар шаруашылық айлап, жылдап қалпына келтіре алмағанына талай куә болдық, талай естідік [18,139 б.]; [154].
120
ИСАБАЙ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты
қойылған атау. М: Осы Сұлушоқының етегінде ата-бабамыздың ежелгі жұрттары, жайлаулары бар. Жазғытұрым осы Қалес, Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екіаша, Қоснауа жайлауларына аталарымыз малдарын айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған [153].