Катон-Верстка-01. indd


ҚАЙШЫ – бұлақ, Өрел а.о. Өзен суының бір-біріне қарама- қарсы, әрі елді мекенді қиып ағуына байланысты қойылған атау.  М.1: Қайшы



Pdf көрінісі
бет125/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   305
ҚАЙШЫ – бұлақ, Өрел а.о. Өзен суының бір-біріне қарама-
қарсы, әрі елді мекенді қиып ағуына байланысты қойылған атау. 
М.1: Қайшы деп аталатын бұлақ бар. Бұл топонимнің этимологиясы 
Қанапия Мусин ақсақалдың айтуынша, монғолдың ұры мәніндегі 
құла қайшы сөзіне келіп тіреледі. Ол кісі бұл пікірін дәлелдеу үшін, 
Қайшы бұлағының айналасы ұры жасырынуына лайықты қалың 
ағаш, ну орман деген еді. Бұл пікірдің дұрыстығына монғол тілінің 
сөздіктерін аударыстырғанда көзіміз жетті. Онда хулгайч – ұры, 
жыртқыш, бандит мағынасын білдіретін сөз деп түсіндірілген 
[3,75б.]. М.2: Қайшы деген адам отырған. Сол атауға байланысты 
қойылған
 [154].
ҚАЙШЫЖҰРТ – жайлау, Жамбыл а.о. Қайшының жұрты, елі 
мағынасында қолданылған. Қайшы – кісінің аты [120].
ҚАЙЫЛ ҚОРА – ж.а., Өрел а.о. Қайыл деген кісінің қорасы 
болғандықтан қойылған атау. Қайыл – кісі аты. М.: Мал баққан адамның 
атына байланысты қойылған атау[118]. 
ҚАЙЫНДЫ БҰЛАҚ – ж, а., Катонқарағай а.о. Бұлақ маңында қайың 
көп өскендіктен қойылған атау. М.: Қарамойылдан кейін орналасқан 
өлке [132].
ҚАЙЫНДЫБҰЛАҚ – сай, Алтынбел а.о. Қайыңның көп өсуіне 
байланысты қойылған атау. М.: Майлыбай Құрманның бергі жағы 
басталып Қасқыр сойғанға дейінгі атауы [121]
.
ҚАЙЫҢДЫ – сай, Үлкеннарын а.о. Қайың көп өсетін болғандықтан 
қойылған атау. М.1: Поселкеге Желтаудың Қайыңды сайын бекітіпті[14, 
270 б.]. М.2: Қайың көп өскен жерді осылай атап кеткен [153].
ҚАЙЫҢДЫ – ауыл. Қайыңның көп кездесетіндігіне байланысты 
қойылған атау. М.1: Огневка – сонау етектегі Қайыңды колхозының бір 
бригадасы [24,172 б.]. М.2: Ол кезде Нұрбағила Қайыңды деген ауылда 
сақманшы болып жүрген [3,139б.]. М.3: Қайыңды, Черново – ауылдар. 
Сол бетте Қайыңды мен Черновада мал дәрігері, Қызылжұлдыз, 
Мойылды, Маралды ауылдарында көп жыл бөлімшілерді басқарады 
[3,178б.]. М.4: Тағы да жар басында жарбиып отырған Қайыңды 
ауылы жалғыз көшеге итініп, енді болмаса қабақтан сырғып түсуге 
қалыпты [170, 131 б.].


147
ҚАЙЫҢДЫ БҰЛАҚ – бұлақ, Аққайнар а.о. Су маңында қайыңның 
көп кездесуіне байланысты қойылған атау. М.1: 3-ші сыныпта оқып 
жүргенде Әбілкәсенов Омаш екеуімізді «Қайыңды Бұлақ» жеріне 
соқаның атына мінуге жіберді [89, 8б.]. М.2: Өзеннің жағалауында 
қайың өскен ғой [96]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет