Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет119/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КҮРЕҢӨГІЗ АСУ ҚОРЫМЫ – қорым, ж.а., Өрел а.о. Басты нысан 
Күреңөгіз өзені негізге алынып, қорымға да осы атау берілген. М.: 
Қорымға киіз жайып, малдарын өткізген [117].
КҮРКЕ – жайлау, Жамбыл а.о. Аталған жерде малшылар уақытша 
күрке жасап отыруы болмаса табиғиғат өзі жаратқан күрке тектес 
орынның болуына қатысты қойылуы мүмкін[120].
КҮРКІРЕМЕ – бұлақ, Қатонқарағай а.о. Күркіреп жататын бұлақ 
болғандықтан қойылған атау. М.1: Шыңғыстай ауылынан өте бергенде 
Күркіреме деген шағын өзеннің жағасына келіп тоқтадық [35,58б.]. 
М.2: Шыңғыстайдан шыға берістегі бір шақырым жырақта Күркіреме 
деген бұлақ бар еді [19,298б.]. М.3: – Әзеке, мынауыңыз Күркіремедегі 
моншаңыздан да керемет екен! – дейді бірі басын шайқап. – Ә...әлгі 
былтыр өртеніп кеткенді айтасың ғой. О да нешауа еді, – дейді бірі 
қостап. – Тасқорадағыңыз әлі қаз-қалпында. – Шұбарағаштағы жер 
моншаңыздың жұрты ғана бар, – деп біреулері өткен-кеткенді еске 
алса, енді бірі: – Жаныңыз темір ғой, Әзеке. Өзіміз болсақ баяғыда 
тұралап қалар едік, – деп көпшік қоя сөйлейді [11, 217б.]. М.4: Тамам 
әйелдер жылап-сықтап күйеулерін Күркіремеге дейін шығарып салды. 
Ауылдан екі шақырымдай жердегі Күркіреме бұлағы азаматтарды 
майданға аттандырар табалдырық секілді, алғаш соғыс басталғаннан 
бері сол жерге қаншама рет көз жасымызды көл етіп барып қайттық 
десеңші [17, 26 б.]. М.: Шыңғыстайда үш бұлақ бар. Соның бірі – 
Күркіреме [114]; [110].


141
 КҮРТЕ – ж.а., Өрел а.о. Ағыны қатты өзен мағынасын білдірсе 
керек. Мұндағы «Күр» түбірі – тегеурінді, айбынды, мықты деген сөзді 
білдіреді [61]; М.: Аршатыдан 14 шақырым жерде [117].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет