КҮРТІ – ж.а., Өрел а.о. «Тік жар» деген мағына береді. Моңғолдың
хүр «тік жар» +т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы жасалған.
Күрті – бейіттерінде аршылған заттар ежелгі темір дәуіріндегі мәдениетпен
ұштасады [76, 14 б.]. М.1: Күрті өзені аққаннан кейін, айналасын да Күрті деп атап кеткен [100]. М.2: Аңдар мекендейтін орманның арасы. Үстіңгікүрті, астыңғыкүрті деп бөлінеді [100].
КҮРТІ – өзен, Өрел а.о. Атау негізін «Күр» тегеурінді, айбынды,
мықты деген сөзден алса керек [61]. Алтай тілдеріндегі р/л сәйкестілігін
ескерсек, ғалымдардың пікірінше «Күр» түбірі Күлтегін есіміне де негіз
болған. «Күр – күл» - Күлтегін болады. «Күрті» атауының құрамындағы
күр түбірі өте көне сөз болмақ. Яғни, мықты, айбынды, немесе ағыны
қатты өзен деген мағына береді Жарлы, жары көп өзен деген мағына
береді. М.1. Бұқтырма өзенінің жоғары ағысындағы неғұрлым ерте ескерткіштер Күрту өзенінің сағаларынан табылған. М.2: Тау түкпірінде тағы бір өзен ашу шақырып, алқына өкіріп жатты. Даусы ересен, мінезі тентек, екпіні түйе жығардай. Күртінің де жоғары басы терең шатқалды қуалап кетеді екен. Шатқал іші тұтасқан қара орман, сонау төрінде басын қар басқан шыңдар ағарады [5,39б.]. М.3: Бітеуден өз бастауын алады. Бұқтырмаға құяды [100].
М.4: Басын таудан алады. Бұктырмаға құяды. Атауы түркі тілінің «-ті» жұрнағы арқылы жасалған [140];[179].
КҮРТІНІҢ АСТЫ – ж.а., Өрел а.о. Негізгі нысан Күртінің астыңғы
жағы мағынасында тұр. Моңғолдың хүр «тік жар» +т (туынды сын есім
жұрнағы) арқылы жасалған. М.: Күрті жерін төмен бойлаған өлке [100].
КҮРТІНІҢ ҮСТІ – ж.а., Өрел а.о. Тік жардың үсті деген мағына
береді. Моңғолдың хүр «тік жар» +т (туынды сын есім жұрнағы) арқылы
жасалған. М.:Күрті жерін жоғары бойлаған өлке [100].
КҮТІМ – ж.а., Өрел а.о. Балықтың осы түрінің көп кездесуіне
байланысты қойылған атау. М.1. Күтім – негізінен теңіздің тереңдігі 20 м дейінгі жерлерінде тіршілік ететін, өзендерде уылдырық шашу үшін шығатын, дене пішіні мен түсі торта мен қаракөзге ұқсас, тұқы тұқымдасына жататын ойықтіс балығының түр-тармағы [50,577б.].
КҮТІМ – жайлау. Катонқарағай а.о. Мал күтіміне қолайлы жер
болғандықтан аталған. М.: Қалың орман[99].