Катон-Верстка-01. indd


ҚАЙЫРХАН – өзен, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты  қойылған атау [163]; [107]. ҚАЙЫРХАН



Pdf көрінісі
бет126/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   305
ҚАЙЫРХАН – өзен, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау [163]; [107].
ҚАЙЫРХАН – сай, Катонқарағай а.о. Қайырхан деген кісінің атына 
байланысты қойылған атау [163]; [107]. 
ҚАҚПАТАС – ж.а., Алтынбел а.о. Сыртқы сұлбасы қақпа іспеттес 
тасқа ұқсату негізінде қойылған атау. М.: Теректі өзенінің бойында 
орналасқан [115].
ҚАЛАҚ – сай, Өрел а.о. Қалаққа ұқсас болуына байланысты 
қойылған атау. М.1. Қалақ – ағаштан, темірден жасалған кішкене 
күрекше [51, 121б.]. Қалаққа ұқсас болған [154].
ҚАЛҒҰТЫ - өзен, Катонқарағай ауд. 1-н.: Белгілі қазақ топонимисі 
Ғ.Қоңқашпаевтың пікірі бойынша монғолдың халга (қақпа) деген сөзінен 
алынған және тауды кесіп өтетін өзен аңғарының рельефін дәл береді. 
[142,91б.]. 2-н. : Құтым қалды мағынасында. 3-н.: Атаудың негізінде 
монғол тіліндегі галуу «қаз, қаздың» сөзі жатыр [16,654б.]. Ал+т 
қосымшасы монғол тілінде көптік жалғауы. Галлут>Галлутты>Қалғұтты 
болып қалыптасқан. Қалғұт+ты атауындағы +ты қосымшасы қазақ 
тіліндегі зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ болып табылады. Яғни 
Қалғұтты «қаздар көп мекендейтін өзен» мағынасында қалыптасқан 
атау болып табылады. Сөздік түзушілердің пікірі бойынша үшінші 
нұсқа бастысы болып табылады[178].
ҚАЛДЫБАЙ – ж.а., Аққайнар а.о. Кісі есіміне байланысты қойылған 
атау. М.: Қалдыбай деген кісі отырған жер [152].
ҚАЛЕС – жайлау, Үлкеннарын а.о. Кісі есіміне байланысты 
қойылған атау. М: Осы Сұлушоқының етегінде ата-бабамыздың ежелгі 
жұрттары, жайлаулары бар. Жазғытұрым осы Қалес, Батал, Исабай, 
Сұлушоқы, Бөденелі, Екі аша, Қос науа жайлауларына аталарымыз 
малдарын айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған. Жайлау Қалес 
ақсақалдың жұрты болғандықтан, осылай аталған [153].
ҚАЛЖЫР – ж.а., Өрел а.о. Дала құстары көп кездесетіндіктен 
қойылса керек. Қалжыр – дала құстарының бірі [51,140б.];[118]. М.1: 
«Ақжайлаудағы Марқаның айдын көлінің батысы мен күнгейінде Зайсан 
ауданын мекендейтін Төртуіл ағайынның қақжартысы, Қара Ертістің 


148
мұзы түсер-түспесте өтіп алып, көлдің шүмегі Қалжырды өрлей 
жетуге асығады» [41,81б.]. М.3. Көлден құлап сарқыраған Қалжырдың 
жағасы толған мал [2,144б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет