Катон-Верстка-01. indd


ҚАЛИ ҚАБАҒЫ – ж.а. Катонқарағай а.о. Қабақта отырған Қали  атты адам атымен аталған жер атауы[163]; [107]. ҚАЛМАҚ БАСТАУЫ –



Pdf көрінісі
бет127/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАЛИ ҚАБАҒЫ – ж.а. Катонқарағай а.о. Қабақта отырған Қали 
атты адам атымен аталған жер атауы[163]; [107].
ҚАЛМАҚ БАСТАУЫ – ж.а., Алтынбел а.о. Қалмақтарға қатысты 
оқиға негізінде қойылған атау[121].
ҚАЛЫҢАҒАШ – жер аты. Біріккен атау. Ағаштардың қалың, бітік 
өскен жері[103].
ҚАЛЫҢҚОС – ж.а., Аққайнар а.о. Қатарлас, қалың отырған қосқа 
байланысты қойылған атау. Себебі, қосты шөп шабу, егін салу, егін 
жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, 
тігуі, жығуы оңай шағын уақытша баспана ретінде науқан кезінде жиі 
пайдаланған. [52,115 б.]. М.: Башалақтан ары орналасқан. Малшылар 
отырған жер [152].
ҚАМАЙҚҰЛАҒАН – ж.а., Аққайнар а.о. Жергілікті халықтың 
тұрмысы тікелей тауға қатысты болып отырады, себебі, отынын, шөбін 
таудан шауып, түсіреді, жеміс-жидегін таудан жинайды, аңшылық 
кәсіппен де айналысады. Үнемі таулы-тасты, құз-жартасты өтуі, жүруі 
қиын жерлерден күн көрісін айырып отырған елде тауға кеткендер 
ішінде оқыс оқиғалар жиі болып тұратыны белгілі. Жаз уақытында елге 
бара қалсаңыз, кімді іздесеңіз де «-тауға кеткен» деген жауап аласыз. 
Аталған жер де Қамай деген адамның құлап-мертігуіне орай аталып 
кеткен атау. М.:Адамның атына байланысты қойылған [124].
ҚАМШЫҚОРА – қыстау. Жердің ерекшелігіне байланысты 
қойылған атау. Катонқарағай а.о. [163]; [107].
ҚАМЫСТЫ – ж.а., Жамбыл а.о. Қамыс мол өскен жер болғандықтан 
қойылған атау. М.1. Қамыс – өзен, көл жағаларында, сондай-ақ сазды, 
батпақты, ылғалды жерлерде өсетін өсімдік [51,197 б.]. М.2. Қамыс 
(сын есім) + ты (қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ) сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған атау. Мағынасы: «Қамыс мол өскен мекен» 
[15, 148б.]. М.: сол жерде бұлақ бар. Сол бұлақта қамыс өседі [105].
ҚАНАЙ – ж.а., Аққайнар а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау. 
М.1. Қанай - бейіттерінде аршылған заттар ежелгі темір дәуіріндегі 
мәдениетпен ұштасады [76,14 б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет